Сонымен, ми күмбезі, fornix cerebri,гиппокамптан емізіктәрізді денеге дейін созылып
жатады.
Емізіктәрізді дененін басты будалары, fasciculus mamillaris princeps, түрінде көз төмпесі
қалыңдығына бағытталады,бөліктердің біреуі көз төмпесінің алдыңғы ядросы
жасушаларына, nucleus anteriorthalami, жүріп, емізік-таламус жолын, tractus mamillo-
thalamicus немесе tractus thalamomamillaris түзеді. Басты буданың баска бөлігі
Емізіктәрізді жамылгы будасын, fasciculus mamillotegmentalis, түзеді, оның талшыктары
жамылгы ядролары жасушаларында, nuclei tegmenti, аякталады.
Мөлдір қалқа табақшасы, lamina septi pellucidi, сүйелді дене мен күмбез бағанасының
арасында тартылып тұрады. Бұл табақша бүйір қарыншаның бүйір мүйізінің медиалды
қабырғасын құрайды. Оң және сол табақшалар бір-бірімен тығыз жанасып мөлдір
қалқаны, septum pellucidum, түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: