2. Самай асты беті (facies infratemporalis) тегіс емес, дөңес, алдыңғы бетінен бет өсіндісі
арқылы бөлініп тұрады, ол жерде жоғарғы жақ сүйек төмпесі (tuber maxillae) мен (sulcus
palatines major) орналасқан. Жоғарғы жақ сүйек төмпесінде (tuber maxillae) 2-3 күшкентай
ұяшықтық тесікшелер (foramina alteolaria) орналасқан.
3. Мұрындық беті (facies nasalis). Мұрын қалқанының қырқасы,crista conchаlis,көреміз.
Көз жас жүлгесі (sulcus lacrimulis) көз жас сүйекпен және төменгі мұрын қалқанымен
бірігіп, көзұя мен төменгі мұрын жолын байланы-стыратын мұрын-көз жас өзегіне (canalis
nasolacrimal) айналады.Артқа қарай — (sinus maxillaries)-ке апаратын үлкен тесік болады.
4. Көздік беті (facies orbitalis) тегіс, үшбұрышты пішінді, алдыңғы, сыртқы және төмен
бағытта сәл қисайған, көз ұясының (orbita) төменгі қабырғасын құрайды. Оның медиалды
жиегі алдында көзжас сүйегімен жоғарғыдақ-көзжасы жігі (sutura lacrimomaxillaris),
көзжас сүйегінің артында- торлы сүйектің (os ethmoidale) көз табақшасымен торлы-
жоғарғыжақ жігін (sutura ethoideomaxillaris) және таңдай-жоғарғыжақ жігін (sutura
palatotaxillaris) түзеді.
Көздік беттің (facies orbitalis) алдыңғы қыры тегіс және төменгі орбиталық шетін (margo
infraorbitalis) құрайды. Сыртта ол тістелген және, бетсүйектік өсіндіге (processus
zygomaticus) өтеді. Ішке қарай төменгі көздік шеті жоғары қарай иіліп, қайралып,
маңдайлық өсіндісіне (processus frontalis) өтеді, оның бойымен бойлық алдыңғы
лакримальды қырқыға (crista lacrimalis anterior) созылады.
Жоғарғы жақсүйектің көзұясына қараған беттің артқы қыры сына сүйектің (os sphenoidale)
үлкен қанаттарының көзұялық бетіне параллель ораналасып, онымен беттесіп, көз
шарасының төменгі саңылауын (fissura orbitalis inferior) құрайды. Көздік беттің артқы
жиегіне жақын орналасқан көзұя асты жүлгесі (sulcus infraorbitalis) жоғарғы жақ сүйектің
алдыңғы бетіндегі (foramen infraorbitale) ашылатын (canalis infraorbitalis) айналады. Көзұя
асты өзегінен алдыңғы тістерге баратын жүйкелер мен артериялар өтетін альвеолярлы
өзектер (canales alveolares) шығады. Медиалды жиегінде, маңдай өсіндісінің артында көз
жас тілігі (incisura lacrimalis) болады.