Сүйектің өсінділері келесідей: маңдай өсінді (processus frontalis), бетсүйектік өсінді
(processus zygomaticus), альвеолярлы, немесе ұяшықты өсінді (processus alveolaris) және
таңдай өсіндісі (processus palatinus).
Жоғарғы сүйектің денесінің (corpus maxillae) 4 беті:
1. Алдыңғы беті
(facies anterior) сәл қисайған. Алдыңғы беті жоғарғы жағынан көзұя
астылық жиек (margo infraorbitalis) арқылы көздік бетімен (facies orbitalis) шектеседі.
Көзұя астылық жиектің (margo infraorbitalis) төменгі жағында оған төмен көзұя асты тесігі
(foramen infraorbitale) ашылады. Астында тт тістік шұңқыр (fossa canina) болады. Алдыңғы
беті төменде, біртіндеп жоға жақсүйегінің альвеолярлық өсіндісіне (processus alveolaris)
және ұяшықтық өсіндінің сыртқы бетінде орналасқан ұяшықтық көтеріңк ілерге (јuga
alveolaria) ұласады .
Одан алдыңғы беттің медиалды шекарасын мұрындық тілік (incisura nasalis) түзеді. Оның
төменгі бөлігі алдыға қарай шығып, алдыңғы мұрын қылқасын (spina nasalis anterior)
түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: