Көзұя кірісі-мұрын бөлігімен,маңдай сүйектің жоғарғы көзұялық жиегімен
және бет
өсіндісімен,pars nasalis margo supraorbitalis et processus zygomaticus ossis frontalis-пен
шектелген.Сонымен қатар,бет сүйегімен oz zygomaticum-пен де шектеседі.
Жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегімен және маңдай өсіндісімен margo infraorbitalis et
processus frontalis maxillae шектеседі.
Көзұяның негізі 4 қабырғасы ажыратылады,жоғарғы,латералды,төменгі, медиалды.
1.Жоғарғы қабырғасы-paries superior деп аталынады.Ол қысыңқы келген және
горизонталды бағытта жатады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек құрылымдарына-маңдай
сүйектің көзұялық бөлігі pars orbitalis ossis frontalis және сынатәрізді сүйектің кіші қанаты
ala minor ossis sphenoidalis жатады.Осы жоғарғы қабырғасының латералды бөлімінде
көзжасы безінің шұңқыры fossa glandula lacrimalis орналасқан.Ал медиалды бөлімінде
маңдайлық тіліктің маңайында шығыршықтық шұңқыр fovea trochlearis бар.
2.Латералды қабырғасы-paries lateralis деп аталады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек
құрылымдарына-сынатәрізді сүйек үлкен қанатының көзұялық беті-facies orbitalis alae
majoris ossis sphenoidalis,маңдай сүйек бет өсіндісінің көзұялық беті-facies orbitalis
processus zygomaticus ossis frontalis,бет сүйектің көзұялық беті-facies orbitalis ossis
zygomatici құрайды.Бұл латералды қабырғасы қиғаштау орналасқан.Және көзұяның
латералды және жоғарғы қабырғасының арасында - көзұяның жоғарғы саңылауы fissura
orbitalis superior бар.Көзұяның латералды қабырғасында бет сүйек-көзұялық тесік foramen
zygomaticoorbitale орналасады.
3.Төменгі қабырғасы-paries inferior деп аталынады.Осы қабырғаны құрайтын сүйек
құрылымдарына мыналар жатады:
1.жоғарғы жақсүйектің көзұялық беті facies orbitalis maxillae.
2.бет сүйектің көзұялық беті facies orbitalis ossis zygomatici.
3.таңдай сүйектің көзұялық беті processus orbitalis ossis palatini.
4.Медиалды қабырға-paries medialis.Көзұяның медиалды қабырғаларын мына сүйек
құрылымдары құрайды.Олар:жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісі processus frontalis
maxillae,маңдай сүйектің мұрын және көзұялық бөліктері pars nasalis et pars orbitalis ossis
frontalis,көзжас сүйегі os lacrimale,торлы лабиринттің көзұялық табақшасы lamina orbitalis
labyrinthus ethmoidalis,сынатәрізді сүйек денесі cjrpus ossis sphenoidalis.
Көзұяның бірнеше қатынастары жеке сүйектердің бірімен бірі қосылуынан пайда
болады.Мысалға:жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісінің көзжасы сүйегімен
қосылысынан,мұрын-көзжас өзегі canalis naso-lacrimalis,жоғарғы жақсүйек пен
сынатәрізді сүйектің үлкен қанатынан төменгі көзұялық саңылауы fissure orbitalis inferior.
Маңдай және торлы сүйектің қосылыстарынан алдыңғы,артқы торлы тесіктер foramen
ethmoidale anterius et foramen ethmoidale posterius қалыптасады.
Көзұя тесіктері:көру өзегі -canalis opticus,көзұяүстілік тесік немесe тілік
- foramen
supraorbitale incisura supraorbitalis,мұрын-көзжас өзегі canalis naso-lacrimalis,алдыңғы
торлы тесік foramen ethmoidale anterius ,артқы торлы тесік foramen ethmoidale
posterius,төменгі көзұялық саңылау-fissura orbitalis inferior,жоғарғы көзұялық саңылау
fissura orbitalis superior,көзұяасты өзек canalis infraorbitalis,бет-көзұялық тесік foramen
zygomaticoorbitale.
Осы тесіктердің маңызы-көзұя қатынастарындағы түзілістермен тікелей
байланысты.Себебі бұл көзұя тесіктері арқылы артериялар,веналар және әртүрлі нервтер
өтеді,байланысады.Мысалға,көру өзегінде көру нерві,көзұяүстілік нервтер бар.Ал бет-
көзұялық тесікте бет-көзұялық нервтер және бет-көзұялық артериялар бар.
Достарыңызбен бөлісу: