2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет31/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Отиттің асқынулары: 
Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы зақымданса ірің ортаңғы ми шұңқырына, ал 
жоғарғы қабырғасы зақымданса ішкі ұйқы артериясының жолымен жоғары бас сүйегі 
қуысына немесе төмен мойынға ағуы мүмкін. Артқы қабырғасы зақымданған жағдайда 
еміздікше өсіндінің қойнауларының аралығы бұзылады. Бұл жағдайда Шипо үшбұрышы 
тұсында бас сүйегіне трепанация жасайды. Төменгі қабырғасы зақымданса ірің ішкі 
мойындырықтық вена жолымен төмен мойынға өтуі мүмкін. Егер медиальді қабырғасы 
бұзылса, онда вестибулярлық аппараттың тітіркену симптомы пайда болады (бас ауруы, 
бастың айналуы, құсу, жүрек айну). Дабыл қуысының латеральды қабырғасы зақымданса, 
дабыл жарғағында тесік немесе перфорация болады. Ірің сыртқы есту түтігіне өтіп, құлақ 
құлығымен араласып, алтын түстес болады. Сондықтан халықтар арасында «золотуха» 
ауруы деп тараған. 
Отит түрлері: 
1.Катарльді 
2.Іріңді (ірің ағу, температура жоғары, ірің жол таппай бас сүйек қуысына қарай өтуі 
мүмкін, содан менингит, ми абцесстері дамиды) 
25. Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.
 
Уникальность: 100% 
Cынатәрізді сүйек (os sphinoidale)- денеден және 3 жұп өсіндісінен тұрады. 
Сынатәрізді сүйектің денесі corpus ossis sphenoidalis, ортаңғы бассүйек шұңқырын, мұрын 
қуысының жоғарғы, көзұяның медиалды қабырғаларын және бассүйектің сыртқы негізін 
түзуге қатысады. 
Денесінің артқы беті шүйде сүйегінің базилярлық бөлігімен-pars basilaris шектессе, 
алдыңғы бөлігі торлы сүйектің артқы ұяшықтарына-cellulae ethmoidale жанасады. 
Алдыңғы бетінің орталығында сына тәрізді қойнау тесігі-apertura sinus sphenoidalis 
орналасады, оның практикалық маңызы осы арқылы ол мұрын қуысымен байланысады. 
Латеральді беттерінде ұйқы артериясының жүлгесі орналасады-sulcus Coroticus. Дененің 
жоғарғы бөлігінде түрік ертоқымы түзілген, оның түбінде гипофиз шұңқыры-fossa 
hypophysialis бар, Түрік ертоқымының алдында төмпешік орналасқан-tuberculum sellae. 
Түрік ертоқымының арқасымен шектелген өсіндінің жоғарғы ұштары артқы сына тәрізді 
сүйекке бірігеді-processus clinoideus posterior. 
Сынатәрізді сүйектің кіші қанаты, ala minor ossis sphenoidalis, көзұяның жоғарғы 
қабырғасының бөлшегі болып алдыңғы бассүйек шұңқырының құрамына кіреді. 


Сынатәрзді сүйектің үлкен қанаты ala major ossis sphenoidalis өзінің милық бетімен facies 
cerebralis, бассүйектің ортаңғы шұңқырына қараған, көзұялық беті facies orbitalis, 
көзұяның бүйір қабырғасының бөлңгі, жоғарғы жақ сүйектік беті самайасты, қанат-
таңдайлық шұңқырларына бағытталған.
Самай беті, facies temporalis самайастылық қыр crista infratemporalis арқылы екі алаңға 
бөлінген: олардың жоғарғысы самай, ал төменгісі самайасты шұңқырларының медиалды 
қабарғаларын түзеді. 
Қанаттәрізді өсінді,processus pterygoideus бассүйектің сыртқы негізінде орналасқан, 
алдынан бір бірімен бітіскен, ал артынан ашық екі табақшадан lamina lateralis et lamina 
medialis processus pterygoideus тұратын түзіліс. Медиалды табақша төменінде қанат тәрізді 
ілмекпен hamulus pterygoideus аяқталады. 
Сүйектің денесінің ішінде өзі аттас үлкен тесікпен жоғарғы мұрын қалқанының артынан 
мұрын қуысына ашылатын сынатәрізді қойнау sinus sphenoidalis орналасқан. 
Сынатәрізді сүйек даму тұрғысынан аралас. Оның үлкен қанаттарының латералды 
бөліктері, қанаттәрізді өсінділері медиалды табақшадан және сынатәрізді қалқан даму 
үрдісінің екі сатыны өтсе, қалған бөліктері кейінгі сүйектерге жатады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет