• пішін түзуші рөлі, олар сүйектермен бірігіп, күмбездер мен қан тамырлар мен жүйкелер
өтетін тесіктер түзеді (жауырынның жоғарғы көлденең жалғамасы, жамбас сүйектері
жалғамалары және т.б.)
Мембраналар membrane –сүйек арасындағы ірі кеңістіктерді толтыратын сүйек аралық
қосылыстар. Олар сүйектерді қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі және
бұлшықеттердің басталу жерлері, қан тамырлар және жүйкелер өтетін тесіктер түзеді.
Еңбектер fonticuli – ұрықтың, нәрестенің және 1 жасқа дейінгі баланың бассүйегінің
сүйектері арасындағы дәнекер тінді құрылымдар.
Жіктер suturae – бассүйектің сүйектері арасында орналасатын жіңішке дәнекер тіндер.
Жіктер пішіндеріне қарай: тісті, қабыршақты және жалпақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: