2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Ми сауыты негізінің тeciктері



Pdf көрінісі
бет36/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

Ми сауыты негізінің тeciктері: 
1.Соқыр тесік-foramen ceccum, ол тесіктелген табақшаның алдында орналасқан тесік 
болып табылады. 
2.Жыpтық тесік-foramen lacerum болып табылады,және ол самай сүйек пирамидасының 
ұшында анық көрінеді. 
3.Дөңгелек тесігі-foramen ratumdum деп аталады, және ол жоғарғы жақсүйек нерві өтетін 
тесік болып саналады.Бассүйектің ортанғы шұңқырын ол осы дөңгелек тесік арқылы 
байланысып тұрады. 
4.Сопақ тесік-foramen ovale,және ол төменгі жақсүйек нерві өтетін тесік болып саналады. 
5.Қылқанды тесік-foramen spinosum, ол ми сауытына отранғы менингеалды артерияны 
кіргізетін тесік болып табылады. Бассүйектің ортанғы шұңқырын сопақша мен қылқанды 
тесіктер самай асты шұңқырмен байланыстырады. 
Бұл тесіктердің маңызы -ми сауыты негізінің ішкі беткейіндегі тесіктер арқылы өтетін 
түзілістермен тікелей байланысты.Себебі бұл тесіктерде әр түрлі 
қантамырлар,артерия,вена және нерв түзілістері өтеді.Және де мұнда иіс сезу нерві 


талшықтары өтетін ұсақ тесіктер болады.Олардың әрқайсысы белгілі бір сүйектермен 
байланысып сүйек құрылымдарын түзуге қатысады. 
30.Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы. 
Мұрын қуысы- сavitas nasi,және ол сavitas nasi norma facialis-тің ортасында 
орналасқан.Және оның алдынан жоғарғы жақсүйек тіліктерімен incisurae nasalis maxillae, 
және мұрын сүйектерінің төменгі жиектерімен шектелген алмұрттәрізді апертурамен 
apertura piriformis - пен шектеседі.Ал артынан мұрын қуысы хоандар,choanae арқылы 
жұтқыншаққа ашылады.Әр хоана сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісінің медиалды 
табақшасымен,lamina medialis processus pterygoidei ossis sphenoidalis,желбезек 
сүйекпен,vomer,сынатәрізді сүйектің денесімен,corpus ossis sphenoidalis,және де таңдай 
сүйектің горизонталды табақшасымен,lamina horizontalis ossis palatini-мен шектеседі. 
Мұрын қуысының бірнеше қабырғалары бар.
Олар:жоғарғы,төменгі,латералды,медиалды.Мұрын қуысының латералды қабырғасында 
бір-бірінен жоғарғы,ортаңғы,төменгі мұрын жолдарымен бөлінген мұрын кеуілжірлері 
орналасқан.Сол себептен де мұрын қуысының ең күрделі қабырғасы-осы латерады 
қабырғасы болып саналады. 
Жоғарғы мұрын жолы,meatus nasi superior,торлы лабиринттің бөліктері жоғарғы және 
ортаңғы мұрын кеуілжірімен,concha nasalis superior et concha nasalis media-мен шектеседі. 
Жоғарғы мұрын жолына ашылады:торлы сүйектің артқы ұяшықтары,cellulae ethmoidalis 
poteriores,-сынатәрізді қойнау,sinus sphenoidalis жоғарғы мұрын кеуілжірінің артына 
ашылады. 
Ортаңғы мұрын жолы,meatus nasi medius ортаңғы және де төменгі мұрын 
кеуілжірлері,concha nasalis media et concha nasalis inferior аралығында орналасады. 
Ортаңғы мұрын жолына ашылатындар:торлы сүйектің алдыңғы және артқы 
ұяшықтары,cellulae ethmoidales anteriores et medii,және маңдай қойнауы,sinus 
frontalis,жоғарғы жақсүйек sinus maxillaris,сына-таңдай тесігі,foramen sphenopalatinum 
ортаңғы мұрын жолын сына-таңдай шұңқырымен байланыстырады. 
Төменгі мұрын жолы,meatus nasi inferior төменгі мұрын кеуілжірі мен мұрын қуысының 
төменгі қабырғасының аралығында орналасқан,ол мұрын-көзжас өзегі,canalis 
nasolacrimalis арқылы көзұямен байланысады.Осы өзек көзжас сүйегінің жоғарғы 
жақсүйектің маңдай өсіндісімен қосылуынан түзіледі.Мұрын қалқасы мен кеуілжірдің 
медиалды беттерінің арасында сагиталды саңылау болып орналасқан кеңістік-жалпы 
мұрын жолын,meatus nasi communis-ті құрайды,және ол ауыз қуысымен күректістік 
өзекпен,canalis incisivus ал алдыңғы бассүйек шұңқырымен тесіктелген табақшаның 
тесіктері,lamina cribrosa арқылы қатынасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет