2.Төменгі қабырға-paries inferior.Бұл қабырғаны құрайтын сүйектік құрылымдарға
жатады:жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісі processus palatines maxillae және таңдай
сүйектің горизонталды табақшасы lamina horizontalis ossis palatini.
3.Латералды қабырғасы,paries lateralis.Бұл қабырға мұрын қуысының ең күрделі
қабырғасы болып саналады.Себебі мұнда бір-бірінен жоғарғы,ортаңғы және төменгі
мұрын жолдарымен бөлінген мұрын кеуілжірлері орналасқан.Бұл қабырғаны құрайтын
сүйектік құрылымдарға мыналар жатады : жоғарғы жақсүйек денесінің мұрындық беті
мен маңдай өсіндісі facies nasalis et processus frontalis maxillae,көзжасы сүйегі os
lacrimale,торлы лабиринт labyrinthus ethmoidalis,таңдай сүйектің перпендикулярлы
табақшасы lamina perpendicularis ossis palatine,сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді
өсіндісінің медиалды табақшасы lamina medialis processus pterygoidei ossis
sphenoidalis,төменгі мұрын кеуілжірі concha nasalis inferior.
4.Мұрындық сүйектің қалқасы,septum nasi osseum.Торлы сүйектің перпендикулярлы
табақшасы lamina perpendicularis ossis ethmoidalis,желбезек vomer және мұрындық қыр
crista nasalis осы қабырғаны түзуге қатысады.
Мұрын қуысының тесіктері:
1.Қанат-таңдайлық тесік - foramen sphenopalatinum.
2.Иттістік өзегі-canalis incisivus.
3.Тесіктелген табақша тесіктері-foraminae laminae cribrosae.
4.Мұрын көз-жас өзегі- canalis nasolacrimalis.
Бұл мұрын қуысындағы тесіктердің маңызы-олардың мұрын қуысының кейбір
қатынастарындағы түзілістерімен байланысты.Оларға артериялар,веналар, нервтер
кіреді.Яғни бұл тесіктер арқылы артериялар,веналар және әртүрлі нервтер өтеді.Мысалға
қанат-таңдай тесігінде қанаттәрізді веналық өрімнің құйылысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: