Байламдары: - Дорсалді төрт алақандық байламдар-lig.metacarpea dorsalis мен алақандық беті үш
алақандық байлам-lig. Metacarpea palmaria. арқылы байланысқан.Бұл байламдар алақан
сүйектері аралығында буын қапшығын сыртынан жауып, тығыздалып орналасады.
Сонымен бірге сүйекаралық байлам-lig. Metacarpea interissea кездеседі.
Биомеханикасы: аз қозғалатын буын.
6.Буын атауы - Алақан бунақ буындары. Art.metacarpophalanges.
Буын беті-Басы: алақан сүйектерінің басы-capur metacarpalis. Ойысы: Проксималды
қатардағы бунақ сүйектерінің негізі-Basis phalanges
Буын беті: І алақан сүйегі алдынан арына қарай қысыңқы шығыр болады, қалған буын
беттері үш білікті, шартәрізді. Гиалинмен көмкерілген.
Буын қапшығы: Буын қапшығы өте бос орналасқан.
Буын қапшығының байламдары: 1. Коллатералдық байламы, lig.collateralia, ол алакан сүйегі басының бүйір қапталындағы
шұңқыршадан басталып, проксималды бунактың негізінің бүйip қапталына барып бекитін
екі жактылық байламнан тұрады. Бұл байламның негізгі қызметі: алақан-бунақ буын
қапшығының бүйір қапталын бекемдеу.
2. Көлденең алакандық терең байлам, lig. metacarpea transversa profunda, ол I1-V-алакан
сүйектер басының аралығында көлденең бағытта алақан бетіне жақын орналаскан.
Қызметі: алақан-бақайшық буындарды бірдей қашықтықта ұстау. Бірінші алакан бунақ
буынының буын беті шығыр тәрізді болып келгендіктен, бұл буында фронталді білік
бойында бүгіледі, жазылады.
Биомеханикасы: шар тәрізді болып келгендіктен:
фронталді білік бойында бүгіледі, жазылады. Flexio-extencio
Сагиталді білік бойында: әкелінеді, әкетілінеді және айналмалы қозғалады. Adduction-
abductio. Circumdacio.
6. Буын атауы: Саусақтың бунақтар аралық буындары. Art.interphalangea.
Буын беті: саусақ бунақтарының аралығында орналасқан.
Буын түрі: шығыртәрізді, буын бетінде бағыттаушы сала, буын ойысында бағыттаушы
қырқа болады. Гиалинмен көмкерілген, үйлесімді буын.
Буын қапшығы: өзара тартылып буын жиектерінде орналасқан.
Биомеханикасы: Фронталді білік бойынша: flexio-extencio