Теренде орналасқан бұлшықеттерге: 1. Арқа бұлшықеті, m.spinalis, ол омыртқа бағанасының, арқа өсіндісі мен көлденең
өсіндісінін, аралығында бойлай орналасқан. кеуде, мойын, бас бөліктеріне бөлінеді.
а) кеуде бөлігі, m.spinalis thoracis, 8-2 кеуде омыртқалардың арқа есінділеріне бекиді.
ә) мойын бөлігі, т. spinalis cervicis, 4- 2 мойын омыртқалардың арқа өсінділеріне барып
бекиді.
б)бас бөлігі, m.spinalis capitis, кейбір жағдайда жартылай аралық бұлшықеттің, құрамына
кіріп, кейбір жағдайда болмауы да, мүмкін, шүйде сүйегінің сыртқы бұдырының маңына
бекиді. Қызметі:. арканы жазып тік ұстап тұру, демді сыртқа қарай шығару қызметін
атқарады.
2. Омыртқа бағанасын тік ұстап жазатын б, m erector spinae, ол сегізкөз сүйегі мен бел
омыртқалардыц арқа өсіндісінен және мықын сүйегініц қырқасынан, crista iliaca, және
кеуде-бел фасциялық қабықшасынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, бекитін сүйектерге
байланысты үш топқа бөлінеді.
Мықын-қабырғалық б, m.iliocostalis, сүйектік нүктелерден басталып, барлық
қабырғалардыц бұрыштары мен төменгі мойын омыртқалардың көлденен өсіндісіне
бекиді, одан әрі тағы да: бел, кеуде және мойын бөліктеріне бөлінеді.
а)бел, m.iliocostalis lumborum, төменгі 8-9 қабырғалардыц бұрыпггарына бекиді.
ә) кеуде, m.iliocostalis thoracis, жіцішкеленген сіціршелері арқылы жоғарғы 5- 6
қабырғалардыц бұрышына бекиді.
б) мойын, m.iliocostalis cervicis, 4,5,6-мойын омыртқалардыц көлденец өсіндісініц артқы
төмпешігіне бекиді.
3. Аса ұзын б, m. longissimus, сегізкөз сүйегі мен шүйде сүйегінің аралығына дейінгі
аралықта бойлай орналасқан. кеуде жэне бас бөліктеріне бөлінеді.
а) m.longissimus thoracis, төменгі 10 қабырғалардың бұрыштары мен бүкіл кеуде
омыртқалардың көлденең өсіндісіне бекиді.
б) бас бөлігі, m .longissimus capitis, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісінің артқы
қапталына бекиді.