2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Талшықтардың бағытына қарай



Pdf көрінісі
бет58/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

3. Талшықтардың бағытына қарай: 
- Тік параллельді (m. rectus) 
- Қиғаш (m. obliquus) 
- Көлденең (m. transversus) 
-Дөнгелек (m. orbicularis, сфинктер) 
4. Сіңірге ерекше қатынасы бойынша: 
-Жартылай сіңірлі, M. semitendinosus 
-Жартылай жарғақты, M. semimembranosus 
5. Орналасуына қарай бөлінеді: 
-Бетке және терең 
-Сыртқы және ішкі 
-Латералды және медиалды 
6. Орналасуына қарай (топография бойынша): 
1. Арқа; 2.Іш; 3.Кеуде; 4.Жамбас; 5.Қол; 6.Аяқ 
7. Бас бұлшықеттер: 
- Шайнау 
-Мимикалық, ымдау 
Бұлшықеттердің бөліну заңдылықтары. 
1. Дененің екі жақты симметрия принципі бойынша құрылуына сәйкес бұлшықеттер жұп 
болады немесе екі симметриялы жартыдан тұрады. 
2. Құрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер сегментті болып келеді немесе 
метамерияның іздерін сақтайды. 
3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы ең төте қашықтық болып табылатын түзу 
сызық бойымен жалғасқандықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер арасындағы ең 
қысқа қашықтық бойымен орналасады. 
4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі бір қатынаста болады, 
бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты. 
51.Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары.
 


Арқа бұлшықеттеріиmusculi dorsi. Бұлшықеттер топографиялық орналасуына қарай: 
беткей және тереңде орналасқан болады. 
Беткей бұлшықеттерге: 
1. Үлкен ромб тәрізді бұлшықет m.rhomboideus major, жоғарғы 4- кеуде омыртқаныц арқа 
өсіндісінен басталып, жауырын қырына бекиді. Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына 
қарай тартып, жоғары қарай көтереді. 
2. Жауырынды көтеруші бұлшықет m. levator scapulae, ол жоғарғы 4-мойын омыртқаныц 
көлденец өсінділерінен басталып, жауырынныц жоғарғы бұрышына бекиді. Қызметі: 
жауырынды көтеру мен қатар омыртқа бағанасына жақындатады.
3. Трапеция тәрізді бұлшықет, т. trapezius, Бұлбұлшықет, кеуде омыртқалардың арқа 
өсінділерінен және желкелік сіңірден, lig.nuchae, шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік 
сызықшасынан, linea nuchae superior, басталады, бұғана мен жауырынның акриомалды 
өсіндісіне мен қырқасына бекиді, қызметі: жауырынды бір-біріне жақындатып, көтеріп, 
бас пен мойынды шалқайтады. 
4. Кіші ромб тәрізді бұлшықет m.rhomboideus minor, төменгі екі мойын омыртқаныц арқа 
өсіндісінен басталып, жауырынныц қырына бекиді. Қызметі: жауырынды омыртқа 
бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді. 
5. Желкенің көлденең бұлшықеті m. transversus nuсһае. көпшілік жағдайда кездеспейді. 
шүйде сыртқы бұдырынан, басталып, самай еміздік тәрізді өсіндісі, төсбұғана-емізік б. 
фасциялық қабықшасына бекиді. Қызметі: бастың, шүйде бөлігінің фасциялык 
қабықшасын жәнетерісін тартып, керуқызметін атқарады. 
6. Тісшеленген төменгі бұлшықет m.serratus posterior inferior, арқа-кеуде фасциялық 
қабықшасыныц беткей табақшасынан және төменгі екі кеуде мен жоғарғы екі бел 
омыртқалардың арқа өсіндісінен басталады, төменгі төрт қабырғаныц сыртқы бетіне 
бекиді. Қызметі: төменгі қабырғаларды томен тартып, кеуде қуысын тарылтып демалған 
кезде ауаны сыртқа қарай шығару қызметін атқарады. 
7. Тісшеленген жоғарғы бұлшықет m.serratus posterior superior, төменгі екі мойын жоғарғы 
екі кеуде омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, II-V қабырғалар бұрышына бекиді. 
Қызметі: II-IV қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терец дем алу қызметін 
атқарады. 
8. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті м. latissimus dorsi, төменгі 3-4 қабырғалардан 
басталады, тоқпан жіліктіц кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, бекиді. 
Қызметі: қолды томен қарай түсіріп, томен түсірген қолды артқа тартып және ішке қарай 
бұрады. терец дем алуға қатысады. 
9. Мойынның белдіктәрізді бұлшықеті. m.splenus cervicis. 3-5 кеуде омыртқалардыц арқа 
өсіндісінен басталып, 2-3 мойын омыртқалардыц келденец өсінділеріне бекиді. Қызметі: 
мойын омыртқаларды артқа қарай шалқайтe, мойын омыртқаларды жиырылған жағына 
қарай бұрy 
10. Бастың белдік тәрізді бұлшықеті m. splenius capitis, желке байламынан, және VII 
мойын және кеуде омыртқалардың аралық өсіндісінен басталады. жоғарғы желкелік 
сызықша мен еміздік тәрізді өсіндіне бекиді. Қызметі: екі жақтық бөлігі бірдей жиырылса, 
бас пен мойын омыртқаларды шалқайтады, бір жаққа жиырылғанда: басты жиырылған 
жағына қарай бұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет