Медиальды шаптық шұңқырша, Fossa inguinalis medialis, жұптасқан, plica umbilicalis
medialis және plica umbilicalis lateralis және шап байламының арасында орналасқан.
Латеральды шаптық шұңқырша, fossa inguinalis lateralis, жұптасқан, plica umbilicalis
lateralis-тен бөлектеу және шап байламы арасында орналасқан. Ол терең шап өзегі
сақинасына жатады.
59.Ымдау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.
Уникальность: 100
Жауап: Ымдау немесе мимикалық m/facialis бұлшықеттердің басқа бұлшықеттерден
айырмашылығы бір бөлігі теріге, екінші бөлігі сүйекке бекінеді. Сонын арқасында олар
терінің бетінде арнайы қатпарларды туғызып оны өзгерте алады. Соған сәйкес адамның
мимкасын көре аламыз.
Бас сүйегі қақпағындағы арнайы апоненевротикалық талшықтан құралған бұлшықеттер
m/epicranium:
Самай/төбе бұлшықет m/temporoparietalis құлақтың маңынан басталып жоғарыға өтеді.
Адам бірденеге таңғалғандай мимиканы көрсетеді.
Шүйде/маңдай3 бұлшықеті m/occipitalofrontalis екі қарыншадан құралады: venter
occipitalis et frontalis. Басталатын орны шүйдеден апоневрозға жалғасады. Бұл арқылы
адамның шашының алға немесе артқа қозғалуы іске асылады.
Достарыңызбен бөлісу: