2. Сүйекаралық дорзалды тілерсек-табан байламдары, lig.tarsometatarseae dorsalia, буын
қапшығының дорзалды бетінде орналасқан.
3.Табандық тілерсек-табан байламдары, lig. tarsometatarseaeplantaria, ол буын
қапшығының төменгі беттерінде орналасқан.
4.Сүйекаралық табан байламдары, lig.metatarseae, сына - табан байламдары,
lig.cuneometatarsea, ол сына тәрізді сүйектер мен табан сүйектерінің аралығында
орналасқан. Сонымен қатар бұл байламдардан басқа мынадай байламдарды ажыратамыз.
Олар:1)медиалды сына-табан байлам, ол медиальды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан
сүйегінің негізінің аралығында орналасқан.2)латералды сына- табан байламы, ол
латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-табан сүйектер негізінің аралығында орналасқан.
Оның негізгі қызметін атап өтсек ол буында болатын қозғалыстың көлемін шектеу.
Тілерсек-табан буындары, практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кесуге қолайлы
анатомиялық құрылым болғандықтан, үш буын дара бір буын-Лисфранков буын ретінде
қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиальды және латералды сына-табан
байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: