буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиалды және латералды
сына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз.
Сонымен қатар,тілерсек сүйектерінің көлденең буыны, articulatio tarsi transversa,
анатомиялық құрылымы жағынан бөлек, асық- өкше- қайықша буыны мен articulatio
talocalcanonavicularis, өкше- текше буынынан, articulatio calcanocuboidea, тұрады.
Хирургиялық практикада кесуге қажет болған жағдайда, өте қолайлы анатомиялық
құрылым. Бұл буын тілерсек сүйектің аралығында көлденең бағытга, "S" әріпіне ұқсас
орналасқандықтан, тілерсек сүйегінің көлденең буыны немесе Шопаров атты буын деп
аталады. Хирургиялық тұрғыда кесуге қажет болған жағдайда, екі буынның сыртқы және
табандық байламын кесіп, екі буынды бір деңгейде ұстап тұрушы екі жақтылық
байламды, lig.bifurcatum, кеспесек, буын ажыратылмайды. Сол себепті, бұл байламды екі
буынның ұстап тұрушы байламы немесе "кілті" деп атайды. Екі жақтылық байлам,
lig.bifurcatum, ол өкше сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, екі байламға: өкше-қайықша
байламы, lig. сalcanonavicularis және өкше-текше байламына lig.calcanocuboidea, өкше-
қайықша байламы, қайықша сүйегінің артқы латералды қырына барып бекісе, өкше-текше
байламы, текше сүйегінің сыртқы бетіне барып бекиді.Бұл байламды кескен жағдайда
тілерсектік көлденең буыны ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: