Жанама әсері:отоуытты әсері: (бас-ми нервтерінің VІІІ жұптарын зақымдайды, ол есту қабілеті төмендеуі мен вестибулярлы өзгерістерге алып келеді) ,
нефроуытты әсері , бұлшық еттің босаңсуы
(тыныс алу мен қимыл қызметінің әлсіреуі) ,аллергиялық реакциялар, дисбактериоз, полинев
риттер,флебиттер
(к/т енгізгенде) байқалады. Аминогликозидтер уытты
препараттар,терапевті әсері қысқа, сондықтан дене салмағына қарай мөлшерін
есептеп,мөлшерлеу тәртібін сақтап, бүйрек қыз метін, есту мүшесі мен
вестибулярлық аппарат жағдайын бақылап отыру қажет.
Қарсы көрсеткіштері: бүйрек аурулары, есту мүшесінің және кіреьеріс
аппаратының бұзылулары,миастения,жүктілік,жеке көтереалмаушылық.
Аминогликозидтердің ІІ буыны: гентамицин сульфаты (гарамицин). Әсер ету спектрі: І буын
препараттарынан айырмашылығы көкірің таяқша сы, протей,
ішек таяқшаларына, сальмонелла, энтеробактер, пенициллиназа түзгіш
стафилококктарға қарсы белсенділігі жоғары.
Қолдану көрсеткіштері: грамм (-) микроорганизмдермен шақырылған
инфекцияларда: несеп шығару жолдарының инфекцияларында,
(пиелонеф рит, цистит, уретрит) : көкірің таяқшалары,протей немесе осы қоздырғыш тардың
араласып келуінен пайда болған сепсисте; жара инфекцияларында, күйікте,
хирургиялық ауруларда; пневмония, бронхопневмония, менингит, перитонит
және т.б. гентамицинге сезімтал флорамен шақырылған аураларда қолданылады.
Пиодермияда, фурункулезде гентамицинді жағылма, ал көздің жұқпалы қабыну
ауруларында көз тамшылары түрінде
қолданады.
Жанама әсері және қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай, бірақ гентамициннің
есту мүшесіне әсері төмендеу.
Аминогликозидтердің ІІІ буыны: тобрамицин (бруламицин, небцин,