This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
Осы келісім шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де өз күшін сақтайды.
21.
Банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасының, сонымен бірге ҚР Ұлттық Банкінің
нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, шартта көзделген банктік және өзге де
операцияларды жүзеге асырады.
22.
Банктік қызметтерді ұсынудың максималды мерзімі осы шартта, Клиентпен жасалынған өзге
шарттарда және ҚР заңнамасында анықталады.
Банкте ашылған Клиенттің шоттары арасында ақша аударуды Банк бір операциялық күн ішінде
жүзеге асырады.
Халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары ҚР валюталық заңнамасында белгіленген
талаптарды сақтай отырып, нұсқауды алған күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірілмей
орындалады.
Нұсқауды кері қайтарып алу туралы өкімді уақтылы алған жағдайда, Банк осындай нұсқау бойынша
ақша аударуды жүзеге асырмайды, оны осындай өкімді алған күннен кейінгі операциялық күннен
кешіктірмей қайтарып, алынған өкімді орындау туралы хабарламаны бастамашыға жібереді.
23.
Банк нұсқауды оны Клиент жіберген күні орындауды қамтамасыз етеді.
Ақшаны Клиенттің банктік шотына немесе Клиенттің пайдасына ақшаны қабылдауды көрсететін
өзге шотына аудару туралы нұсқауды орындауды Банк ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды
қоспағанда, мұндай нұсқауды алған күні операциялық күн ішінде жүзеге асырады.
Нұсқауды орындаудан бас тартуды Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күні операциялық күн
ішінде жасайды.
24.
Клиент жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарттарды, анықтамаларды, хаттарды
және өзге де құжаттарды куәландыру үшін Банк жоғарыда көрсетілген құжаттарға механикалық
және/немесе электрондық-цифрлық құралдарды пайдалана отырып, қойылған электрондық-цифрлық
қолтаңбаны, Банктің уәкілетті тұлғасы қолтаңбасының факсимильді нұсқасын және/немесе Банк
мөрінің графикалық түрін, сондай-ақ ҚР заңнамасында қарастырылған өзге де әдістерді пайдалана
алатындығымен келіседі.
Достарыңызбен бөлісу: