This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
10)
шотқа қате аударылған немесе Банк тарапынан Клиенттің немесе Клиент көрсеткен үшінші
тұлғалардың пайдасына қате есептелген ақшаны Банк операцияларды жүргізген күннен бастап 2 (екі)
банктік күн ішінде, бірақ Банк белгілеген ақшалай қаражатты қайтару туралы хабарламадағы
мерзімнен кешіктірмей қайтаруға;
11)
шот бойынша операцияны орындау үшін, оның ішінде комиссияны және/немесе жүргізілген
операция үшін алымды төлеуге қажетті шотта ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге;
12)
сенімхат негізінде шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалар ауысқан немесе мұндай тұлғалардың
уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ол туралы Банкке жазбаша түрде немесе
тараптармен келісілген басқа да байланыс құралдары арқылы дереу хабарлауға және мұндай
өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға. Банк Клиент шотқа иелік етуге уәкілеттілік берген
тұлғалардың іс-әрекеттеріне, егер Клиент Банкке мұндай тұлғалардың ауысуы немесе олардың
уәкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталғандығы туралы хабарлама жібермеген/уақтылы жібермеген
жағдайда жауапты болмайды;
13)
шотқа ақшаны қате аудару фактісі анықталған жағдайда, ол туралы Банкке қате аударым/төлем
туралы мәліметтері бар шот бойынша үзінді-көшірмені алған күннен бастап немесе өзге
дереккөздерден (төлем құжаттары, интернет-банкинг, жазбаша хабарлама, SMS-хабарламалар және
т.с.с. арқылы) шотқа ақшаны қате аудару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) банктік күн
ішінде хабарлауға;
14)
шоттан алдын ала қолма-қол ақшаны алу үшін мұндай соманы алудың болжалды күніне
кемінде 5 (бес) банктік күні бұрын Банк бекіткен нысандағы тиісті жазбаша өтінішті ұсынуға. Осы
тармақтың талаптарына қарамастан, Клиент Банкке шотынан қолма-қол ақшаны Банктің кассасы
арқылы алу үшін жүгінсе, Банк өз қалауы бойынша Клиентке жоғарыда көрсетілген өтінішті ұсынған
күні сұрау салынған соманы бере алады;
15)
ҚР заңнамасымен, Банк пен Клиент арасында жасалынған шарттармен белгіленген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.
4.
Клиент:
Достарыңызбен бөлісу: