«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


-тарау. Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашудың және қызмет көрсетудің жалпы



Pdf көрінісі
бет14/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

 
2-тарау. Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын ашудың және қызмет көрсетудің жалпы 
талаптары 
1-бап. Негізгі ережелер 
1.
Банк Клиент ҚР заңнамасында және көрсетілген операцияларды жүргізуге қатысты Банктің 
ішкі құжаттарында қарастырылған қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, осы шарттың негізінде 
ағымдағы шоттарды ашады, оларды жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады. 
Тараптардың келісімі бойынша ағымдағы шотты ашу және оған қызмет көрсету шарттарын 
ағымдағы шоттың жеке шарты ретінде ресімдеуге болады, бұл ретте тараптар мұндай шарттарға қол 
қоюы тиіс. 
2.
Банк шотты келесі негіздер бойынша аша алады: 
1)
Банк бекіткен нысандағы тараптар қол қойған өтініш; 
2)
Банк бекіткен нысандағы Клиенттің динамикалық сәйкестендіруін пайдалана отырып
интернет-банкингте қалыптастырылған өтініш. 
3.
Банк Клиентке шотты өтініште көрсетілген валютада ашады. 
4.
Банк төменде көрсетілген әдістердің бірін немесе әдістердің бірнеше нұсқасын пайдалана 
отырып, Клиентке Банкте оның атына ашылған шоттың нөмірі туралы хабарлайды: 
1)
Клиент Банктің ғимаратына тікелей жүгінген кезде, бұл ретте Клиент ағымдағы шоттың нөмірі 
көрсетілген Банк қызметкерінің қолымен куәландырылған жазбаша құжатты алуға құқылы; 
2)
интернет-банкинг арқылы. 
5.
Клиент интернет-банкинг арқылы шотты ашқан жағдайда, Банк Клиентке интернет-банкингтің 
көмегімен келісілген шарттарда шотты ашу арқылы растау немесе шотты ашудан бас тарту туралы 
ақпаратты жібереді. 
6.
Өтініш пен Банктің интернет-банкинг жүйесінде қалыптастырған шотты ашу туралы растауы 
Банктің дерекқорында электрондық нысанда сақталынады.
7.
Клиент Банктің кез-келген бөлімшесінен интернет-банкинг көмегімен ашылған ағымдағы 
шоттары бойынша қағаз тасығышта шотты ашу туралы өтініштің данасын және шотты ашуды 
растаудың данасын алуға құқылы. 
8.
Интернет-банкинг арқылы ағымдағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртібі 
электрондық банктік қызметтерді ұсыну шарттарымен анықталған. Карточкалар бойынша ашылған 
ағымдағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртібі төлем карточкаларын шығару, олар 
бойынша қызмет көрсету мен мұндай карточкаларды пайдалану шарттарымен анықталған. 
9.
Клиенттің Банктегі шоттары бойынша интернет-банкингті пайдалана отырып жүзеге асыратын 
жекелеген банктік операцияларға қатысты ҚР заңнамасында, Банктің және (немесе) басқа банктердің, 
қаржы ұйымдарының және (немесе) мұндай операцияларды жүзеге асыратын төлем жүйелерінің ішкі 
құжаттарымен белгіленген шектеулер қолданылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет