«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет16/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

 
2-тарау осы шартқа №3 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 2-1 баппен 
толықтырылды (04.12.2020 ж. № 40/2020 хаттама). 
 
2-1 бап. Арнайы шот бойынша жүзеге асырылатын операциялар 
1.
Клиент мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және (немесе) жасына байланысты 
зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық 
әлеуметтік жәрдемақыны және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, арнаулы мемлекеттік 
жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, біржолғы және өзге де төлемдерді 
алу мақсатында Банкке арнайы шот ашуға өтініш беруге құқылы. 
2.
Арнайы шотты ашу кезінде Банк Клиенттің пайдасына түсетін ақшаны мемлекеттік 
бюджеттен берілетін жәрдемақылар және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 
төленетін әлеуметтік төлемдер түрінде ғана қабылдау жөніндегі міндеттерді өзіне алады. Ақша 
басқа көздерден түскен жағдайда, төлем құжаты бастамашыға Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес қабылдаудан бас тартылатыны көрсетіле отырып, қайтарылады. 
3.
Арнайы шот бойынша белгілі бір жұмыс режимі қолданылады: 
Клиенттің және (немесе) үшінші тұлғалардың арнайы шотқа қолма-қол ақша салуына тыйым 
салынады; 
арнайы шотқа қолма-қол ақшасыз түсімдер осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге 
асырылады; 
Клиенттің өзінің шоттарына аударымдарды қоспағанда, арнайы шоттан қолма-қол ақшасыз 
аударымдарға тыйым салынады; 
арнайы шотқа Клиенттің Банктен алған қарыздары бойынша және басқа Екінші деңгейдегі 
банктер берген қарыздары бойынша ақша өндіріп алу үшін тыйым салыну қолданылмайды; 
арнайы шот бойынша теңгені валютаның басқа түріне айырбастау операциялары жүзеге 
асырылмайды; 
қарыз беруге байланысты қызметтер бойынша комиссиялар мен сыйақыларды қоспағанда, 
арнайы шоттан Банк тарифтерінде көзделген барлық комиссиялар ұсталуы мүмкін. 
4.
Жәрдемақы алуға арналған арнайы шот бойынша шығыс операцияларын үшінші тұлғалар 
Клиенттің атынан берілген нотариат куәландырған сенімхат негізінде ғана, сондай-ақ Клиенттің 
заңды өкілдері, қамқоршылары және қорғаншылары Қазақстан Республикасының заңнамасында 
көзделген тәртіппен жүзеге асыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет