This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
Банк Клиенттің шотты жабуға өтінішін алғаннан бастап 30 (отыз) банктік күннен кешіктірмей шот
бойынша ақшалай қаражаттың қалдығын Клиентке береді немесе Клиент көрсеткен деректемелер
бойынша аударады.
2.
Банк:
Клиенттің шотында бір жылдан астам ақша болмаған;
Клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе
мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған шоттарды
қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған;
ҚР бейрезидент банктерімен жасалған шартта қарастырылған жағдайларда;
Банк таратылса;
Банк шартты бір жақты соттан тыс тәртіппен орындаудан бас тартса;
Банкті қайта ұйымдастырса, Банк жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге
арналған лицензиядан айырылған жағдайда,
сонымен бірге шартта және/немесе ҚР заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда шотты
жабуға құқылы.
3.
Осы шартта және ҚР заңнамасында көзделген жағдайлар болған жағдайда, Банктің
бастамасымен шотты жабу үшін Банк Клиентке шотты жабу туралы хабарламаның 3 (үш) ай мерзімі
өткеннен кейін Банктің таңдауы бойынша Банкте шотты ашу кезінде ұсынылған деректемелер
бойынша кез келген әдіспен (оның ішінде пошталық байланыс, электрондық пошта, SMS-хабарлама,
интернет-банкинг) хабарлайды.
4.
Банктің бастамасы бойынша шотты жабуға келесі жағдайларда:
1) шотқа қойылатын орындалмаған талаптар немесе мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою
туралы алынбаған актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың
банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері,
сондай-ақ клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер болған жағдайда;
2) клиенттің ҚР валюталық заңнамасына сәйкес банкке немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ұсынатын, экспортты (импортты) көздейтін валюталық шарт
бойынша орындалмаған талаптар болған кезде банктік шот шартын немесе банк салымы шартын ҚР
ратификациялаған «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы және халықаралық шарттарға сәйкес
орындаудан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
3) ҚР заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
5.
Егер Клиенттің шотында Банк Клиентке хабарлама жіберген күннен бастап үш ай өткеннен соң
ақша қаражаты болмаса, Банк шартты бұзып, егер Клиент хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) ай
ішінде шот бойынша операцияларды қайта бастамаса немесе осы шарт бойынша өзгеше тәртіп
көзделмесе, шотты жабуды жүзеге асырады.
6.
Клиенттің шотында (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік
бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) ақша
қалдығы болған кезде банк ақша қалдығын ҚР заңдарына сәйкес нотариус депозитіне аударуға және
банктік шотты жабуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: