This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
10.Банк бастамасы бойынша SMS және push-хабарламаларды электрондық банктік қызметтерді
ұсыну шеңберінде тарату Клиенттен комиссиялар мен алымдарды ұстамастан Банктің өз есебінен
жүзеге асырылады.
11.Клиентті электрондық банктік қызметтен ажырату Банк бекіткен нысанда қағаз тасығышта
тиісті түрде ресімделген және Клиенттің қолы қойылған өшіру туралы өтініштің негізінде жүзеге
асырылады.
12.Банк ХТЖ ережелерін және эмитент-банктердің талаптарын ескере отырып, Банктің
комиссияларын есептеместен, аударымдар мен төлемдердің сомасы мен саны бойынша Банк қызметін
көрсетуге шектеулерді (бұдан әрі – лимиттер) реттейді. Лимиттерді Банк аударымдардың/төлемдердің
сомасына/санына бір жақты тәртіппен өзгертеді. Банк ақша жіберушінің/алушының аударымы
бойынша белгілеген лимиттер мен шектеулер үшін жауапты болмайды.
13.Операция ҚР заңнамасының талаптарына және/немесе ХТЖ ережелеріне және/немесе Банктің
ішкі құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда немесе осы операция алаяқтықпен немесе рұқсат
етілмеген әрекеттермен байланысты деген күдік болған кезде Банк Клиентке Банктің электрондық
банктік қызметін бір жақты тәртіпте көрсетуден бас тартуға құқылы.
14.Банк Клиентке интернет-банкингтегі «Белсенділік» бөліміне ақпаратты шығару арқылы
Банктің электрондық банктік қызметінің нәтижесі туралы хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: