«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет45/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

 
10-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 
1.
Банк міндетті: 
1)
шартта қарастырылған тәртіпте электрондық банктік қызметтерді көрсетуге; 
2)
Клиентке интернет-банкингте тіркелу және құпиясөзді қалпына келтіру, сонымен бірге 
шарттың талаптарына сәйкес операцияларды растау үшін SMS-кодты ұсынуға;
3)
Клиенттің сұрауы бойынша оған электрондық банктік қызметтерді жіберуді және/немесе 
алуды растайтын құжаттарды ұсынуға. Банк мұндай құжаттардың негізінде мұндай сұрау түскен 
күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде электрондық банктік қызметтерді ұсынады;
4)
шартта көзделген тәртіппен Клиенттің өтініші бойынша электрондық банктік қызметтерді 
ұсынуды тоқтатуға;
5)
шартта көзделген тәртіппен Клиенттен жазбаша өтініш алған кезде Клиенттің өтініші негізінде 
электрондық банктік қызметтерді ұсынуды, жоюды/тоқтатуды қалпына келтіруге міндетті. 
2.
Банк құқылы: 
1)
кез-келген сәтте жеке қалауы бойынша Клиент интернет-банкинг және электрондық терминал 
арқылы Банктегі шоттары/салымдары бойынша жасай алатын банктік операциялар мен 
функциялардың тізімін анықтауға және өзгертуге; 
2)
Клиент SMS-кодты дұрыс көрсетпеген жағдайда, операцияларды жүзеге асырудан бас тартуға;
3)
егер шоттағы ақша қалдығы төлем сомасы мен Банкке төленуі тиіс қызмет үшін комиссиялық 
сыйақы сомасынан аз болса, транзакциялық-банктік қызметтерді жүзеге асырудан бас тартуға;
4)
интернет-банкингтің және электрондық терминалдың интерфейсі мен техникалық баптауына 
өзгерістер жүргізуге;
5)
шартта қарастырылған негіздер бойынша электрондық банктік қызметтерді ұсынуды тоқтатуға 
немесе мүлдем жоюға;
6)
Клиент тарапынан қол жеткізу арналарын пайдалануға тұрақты немесе уақытша шектеулер 
қоюға, оның ішінде нақты қол жеткізу арнасы арқылы Клиент тіркеу мен беруді жүзеге асыра алатын 
қызмет түрлерінің тізімін шектеуге;
7)
Клиентке хабарлама жіберместен Банк Клиент атынан заңсыз қол жеткізу арналарына кіру 
мүмкіндігі бар жағдай орын алды деп есептесе, Банк мұндай қол жеткізу арнасының бір немесе 
бірнеше арнасы бойынша қызметке қол жеткізу мүмкіндігін уақытша шектеуге немесе тоқтатуға; 
8)
Біржақты тәртіппен интернет-банкинг пен электрондық терминалдағы операциялар бойынша 
шектеуді (лимитті) орнатуға және өзгертуге. Банктің көрсетілген шектеулерді орнатуы және/немесе 
өзгертуі туралы шешімі жөніндегі ақпарат веб-сайтта және/немесе электрондық терминалдың 
ақпараттық дисплейінде орналастырылады; 
9)
Клиент шарттың талаптарын бұзған жағдайда, электрондық банктік қызметтерге қол жеткізуді 
бұғаттауға; 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
10)
электрондық терминалдар арқылы Клиент жүзеге асыратын операцияларды суретке және 
видеоға түсіре отырып жүзеге асыруға. Клиент электрондық терминалды қолдана отырып, кез-келген 
операцияларды жүргізу кезінде Банк жасаған суреттер мен видео жазбалар Клиент мұндай 
операцияларды жүргізу фактісін анықтау кезінде дәлел ретінде қолданыла алатындығымен келіседі 
және растайды; 
11)
Банк электрондық терминалдардың немесе банкоматтардың инкассациясы кезінде анықталған 
артық сомалардың бар екендігін білген сәттен бастап Клиент тарапынан 6 (алты) ай ішінде талап 
етілмеген сомаларды өз меншігіне аударуға құқылы. 
3.
Клиент электрондық банктік қызметтерді алу кезінде дербес компьютерлердің, электрондық 
байланыс құралдарының, электрондық терминалдардың және т.с.с.с экрандарында көрсетілген 
нұсқаулықтарды сақтауға міндетті. 
4.
Клиент құқылы: 
1)
электрондық банктік қызметтерді пайдалануды байланыс орталығына жүгіну арқылы немесе 
Банк бекіткен нысан бойынша жазбаша өтінішті Банкке жіберу арқылы тоқтатуға;
2)
«Standard» интернет-банкингіне қол жеткізуге қажетті жеке құпиясөзді өз қалауы бойынша 
өзгертуге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет