32
тілін таба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайта
біріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде Хорезмшах Мұхаммедтің
әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктен айырылды. Осыны
пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалған қидандарды тізе бүктіріп, өзінің
ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік 1213 жылы Алмалықтағы мұсылмандар
иеліктеріне қарсы әскери қимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері
Алмалықты алғанымен, моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері
шегінді. 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен
Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында
бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.
Достарыңызбен бөлісу: