130
алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-
бабында: "Іле аймағының тұрғындарына Қытай қол астындағы мекендерінде
қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады"-
деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы
патша үкіметінің көздеген мақсаты – оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық
көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе
бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле
өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. Ұйғырлар мен
дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге
асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның
24628 ер адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді.
Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі
Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданы), Қарасу
(Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары құрылды (қазіргі Жаркент
ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле
аймағында болған басшылар сайланды.
Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен
суландырылатын егіншіліктің әлдеқашан қалыптасқан дәстүрлерін әкелді.
Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты негізгі дақылға айналған жоқ.
Олар негізінен бау өсіріп, бақша салумен айналысты (халықтың шамамен
алғанда үштен екісі). Дүнген шаруашылықтарының үштен екісінен астамында
бау да болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра
отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір
мезгілде отарлаушы әкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан әрі
жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды
орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат
алғандығын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: