Көпшілігіміз ауызбен орақ орғанға шеберміз. Айтылған уəде
айтылған жерінде қалады. Сөзімізде пəтуа жоқ. Осы орайда мен бір рет
таң қалғанымды жасыра алмаймын. 2010 жылы мамыр айында Арман
Шораев екеуміз Астанада кездесіп қалып, кафеде əңгіме-дүкен құрып
отырғанбыз. Бір кезде ол Қазақстанда түйепалуанды анықтайтын
үлкен жарыс өткізгісі келетінін айтып қалды.
Шынымды айтсам, мен сене қоймадым. Біріншіден, қазақтың
ұлттық спортына билік бетін бұра қоятынына күмəнім көп болатын.
Екіншіден, мұндай тың идеяны жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін
қыруар қаржы керек. Арман осының екеуін де жеңіп шықты. Билікті де
иландыра білді. Қаржының да көзін тапты. Сол жылы қыркүйекте,
Арман айтқаннан кейін төрт айдың ішінде «Қазақстан барысы»
дүниеге келді. Бұл жарыстың қазір қандай биікке көтерілгенін айтып
жатқым келмейді. Тек жігіттердің бəрі Армандай болса дейсің осыдан
кейін.
***
Қалай айтқанда да бағымыз бар халықпыз. Ұрпақтан ұрпаққа
ұлыларымыздың ұлы мұрасымен өтіп келеміз. Құдайға шүкір, бүгінгі
күні де келешектің кəдесіне жарайтын хат қалдыруды мұратына
айналдырған абыз ағаларымыз аз емес. Бағзы мен бақиды
жалғастырып жатқан сара жолды бір адамдай бажайлап үлгерген; өзі
өмір сүріп отырған ортаның да барлық құбылыстары мен айтулы
оқиғаларының қара қазанында қайнап жүріп, соның бəрін саф
алтындай зерделей де, бағалай да білген; сол арқылы қай кезеңде де
заманнан гөрі
Достарыңызбен бөлісу: