***
Құнанбайды жақсы деп те , жаман деп те айтқың келмейді.
Өйткені, ол «нормальный» адам болған. Жақсы немесе жаман адам
деген түсініктерді большевиктер ойлап тапты. Осыны біздің санамызға
соцреалист жазушылар əбден сіңірді. Жағымды жəне жағымсыз
кейіпкерлері арқылы. Ең үлкен қателік. Тобырлық психологияны
қалыптастыруымызға да себеп осы болды. Адамдарды сортқа бөлу
түбірімен логикаға қайшы келетіні көзге ұрып тұр.
Екі мысал. Далада жүрген «бич» те жанынан өтіп бара жатқан
адамдарға кейде мейірімділікпен көз тастайды. Бұған керісінше, ІІ
Елизаветаның де кейбір қылықтары Королеваның статусына сəйкес
келмей қалады. Мұның бір дəлелі, принцесса Диананы жерлеуге
байланысты мəселенің британ қоғамында наразылық тудыруы болды.
Шынында да, бəріміз – пендеміз. Кейде жақсы ойлаймыз. Кейде
жаман ойлаймыз. Сондықтан да «Мен – мінім жоқ адаммын» деп айту
– күнəнің ең ауыры. Дəл қазір осындай ой келді. Неге? Бүгін – Төлен
ағаның туған күні. Психикалық əңгімеден «двухличиенің» табиғатын
ашқан романға дейінгі жолда ол бізді
Достарыңызбен бөлісу: