***
Мына заманда «шындықты айтып тұрмын» деген адамның
шыншылдығына
күмəнмен
қарайтынымды
жасыра
алмаймын.
Өйткені, абсолютті ештеңе жоқ. Бəрі салыстырмалы түрде. Дəл осы
менің айтып тұрғанымның өзі де абсолютті шындық деп айтуға
қорқамын.
***
Өткенде су туралы жазып едім. Тағы жазуға тура келіп тұр. Менің
бала кезімде Аралда ауыз суды машинамен тасып, үйді-үйге тарататын.
Контрамаркамен. Содан бері 50 жылдан астам уақыт өтті. Əлі тасып
жүргенін аудан əкімдігінің аккаунтынан көріп қалдым əлгінде. Уақыт
тоқтап қалған ба?! «Не айтарымды білмей қалдым»-ның нағыз өзі
болды.
Достарыңызбен бөлісу: