Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар

күн
дəл қазір
жаратылыстың 
бес миллиардыншы жылында жарығын төгіп тұр.
***
Талант астамшылығының ең сорақысы – дарынға малданып,
білімге ұмтылмау. Талант не бар, не жоқ. Ол қолдан жасап ала қоятын
ойыншық емес. Білім де солай. Бірақ білімді болуға болады. Өмір бойы
оқысаң.
***
Кез-келген журналистің пайдалы іс-қимыл коэффиценті оның
орынтағымен өлшенбейді. Атқарған ісімен есептеледі. Редакторлық
креслода əдемі, ұқыпты, тəртіпті болып он жыл отыруға болады.
Ширек ғасыр да отыруы əбден мүмкін-ау. Дегенмен, көп жағдайда
тиімділік нөлге тең. Сол басшының өзі үшін.
***


Дүниедегі ең сорақы нəрсе – қасаңдық. Біздің түбімізге бір нəрсе 
жетсе, томағатұйықтық жетеді. Осыдан арылу қиын болып тұр. 
Шынында да Абай орыс əдебиетін мойындамаса, философияның
көгіне көтеріле ала ма?
Капица «английский мальчик» болмағанда, бір телехабарды
жүргізгені үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие бола алмас еді-ау.
***
Майлықожа бір термесінде «Көштің көркі түйе ғой, /Шыңырауға
қауға байлап бақ» дейді. Осы сөздің астарына жете үңілмейміз бүгін.
Əйтпесе, асыл туған ұл-қыздарымыздың қадір-қасиетін тірі кезінде
бағалай білер едік-ау. Əр адамды жете бағалауға, əр адамды жете 
құрметтеуге қол жеткізсек, керемет қоғам сол болмас па?!
***
Қазақстанның əлем алдындағы ең мықты көзірі не десе, мен
айтар едім: бейбіт өмірсүйгіштігі. Бұл өзі жалпы қазақтың қанындағы
ең бірінші жақсы қасиет деп ойлаймын. Қазыбек атам айтып кеткен:
«Біз – қазақ деген... /Дəм-тұзды ақтай білген, /Достықты сақтай білген,
/Ешкімге соқтықпаған елміз!».
Қазақтың көк найза ұшына күдері үкі тағып қоюында қаншама
философия жатыр десеңізші. Сөз ұқпайтын паңдарға да қанға – қан,
жанға – жан алатынын жасырмаған бабаларымыз. Кек алуға келгенде
тек отыра алмайтынын да қадап айтқан қазақ. Бірақ өзі бірінші болып
ешкімнің «огородына» түспеген.
***
Баяғыда Арал толысып тұрған шағында анау Қарақалпақстан
жағынан бір құс үш баласын алып ұшып шыққан екен. Орта жолда
əбден қанаты талған ана құс балаларына қарап: «Сендерді арғы бетке


арқамды ойып алып бара жатырмын. Сендер маған не жақсылық
көрсетесіңдер?» деп сынапты. Сонда екі үлкен баласы шешелерін
алтынмен аптап, күміспен күптейтінін айтып безек қағыпты. Ал, кіші
баласы: «Шеше, сені де ата-анаң бағып-қақты. Соларға өзің не ұшпақ
көрсеттің? Ештеңе. Сондықтан балаларың да сені үлде мен бүлдеге
бөлеуге уəде беретіндей ме?! Ертең сен секілді мен де ана боламын.
Өмірім балаларымды өсірумен өтеді де кетеді» деген екен. Əбден
қалжырап келе жатқан ана құс үлкен екі баласын суға тастап жіберіпті
де, анық сөйлеген кенжесін арғы бетке аман-есен жеткізіпті. Біздің
күйбең тіршілігіміз тек сол бала-шағаның өз қолын өз аузына жеткізу
үшін берілгеніне барған сайын көзім жете түседі. Кəдімгі қазақы
пəлсапаның көкесі осы-ау деймін. Басқасын білмей тұрмын.


***
Егер əлем толық гармонияда өмір сүріп жатқан болса, өнердің
қажеті болмай қалар еді деп ойлаймын. Адамзат баласы жер бетінде
3,5 миллиард жылдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқанынан не
пайда, əлі күнге дейін адам бірін бірі өлтіруді тоқтатқан жоқ.
Қасқырдың қасқырды, қоянның қоянды өлтіргенін көрмеппін.
Дүниежүзілік соғыстың біткеніне əлі 70 жыл да толған жоқ. Осыдан
кейін не айтуға болады? Осыдан кейін адамзатқа енді өнердің қажеті
жоқ деп қалай айта аласың? Бір анық, адамзат баласы ең үлкен
үйлесімге қол жеткізбейінше, əлі талай Бетховен мен Шекспирлер
шыға беретін болады.
***
Сыни реализмнің сиқыры сол, ол қоғамдағы барлық оқиғаларға
бейжай қараудан сақтандырады. Селқостықтан арылған адам ғана
қайтадан ой қорыту мүмкіндігіне ие. Бұл механизмсіз қоғам құрдымға
кетті дей беріңіз. Мемлекетте ақыл-ой салтанат құруы үшін
бостандықтың маңызды алғышарттары болмаса, ол ел берекесіздікке
беттейді. Рухани апатқа жол бермей қалатын бірден-бір күш –
сындарлы да салиқалы көркем əдебиет.
***
Адамның 
басқа 
адамдардан 
жалықпайтынына 
сенбеймін.
Адамның адамнан жалықпауы – сирек құбылыс. Оны айтасыз, ойбай-
ау, өзінен өзі жалығып кеткен адамдар дарға асылып жатқан жоқ па?
Сондықтан да ең алдымен адам өзінен өзі жалығып кетпеудің қамына
кірісуі керек. Шынында да, басқа адамнан жалығу – трагедия емес. Ал,
өзіңнен өзің жалығу – нағыз сорлылық. Анығы сол, оңаша қалғанда да
жалғыздықты сезінбеу – өмірдегі ең үлкен бақыт. Абай айтатын 
терең
ой
құдіреті осы болар!


***
Алматыдан «Тұлпар» поезына отырған кезде Жолтай Əлмашұлы,
Кеңес Демешев үшеуміздің басымыз қосылып қалды. Жол қысқарсын
деп əңгімені соғып келе жатырмыз. Бір кезде Жолтай «Алматы
ақшамына» шығып жатқан «Оңашадағы «онлайн» ойлар» туралы ойын
білдіре келіп, ақкөңілдігі ұстап кетті ме, былай деді: «Бұл – жанрға
сыймаған жазулар». Мен үндей алмай қалдым. Кеңес айтты: «Жоқ,
жанры жоқ жазулар деу керек».
Жанр жайындағы əңгімеде шаруам шамалы. Мен екі нəрсені
анықтадым. Өздерінің ойларын айту арқылы Жолтай сезімтал жазушы
екенін, Кеңес сергек чиновник екенін дəлелдеді. Адамдардың өз
табиғатына сай сөз саптайтынына сүйсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет