Список использованной литературы и источнкиов:
1. Назарбаев Н.А. Семь граней Великой степи. - Официальный сайт Президента Республики
Казахстан //akorda.kz/ru/events/akorda_news/...21 ноября 2018
2. Горбунов С.Кто первым оседлал коня… // Казахстанская правда, 24.02.2012
3. Предки казахов приручили лошадей более 6 тысяч лет назад // Казахстанская правда,
26.02.2012
4. Герадот. История в девяти книгах. - 4-я книга «Мельпомена». Перевод Г.А.Стратановского.
- Издательство: «Наука» Ленинградское отделение, Ленинград, 1972
5. Левшин А. Описание орд и степей казахов. – М.: ЭКО, 2005
6. Радлов В.В. Тюркские степные кочевники: :(отрывки из путевого дневника) // Өлкетану -
Краеведение, 2010. - № 1
7. Маргулан А.Х. Мир казаха.А.: Институт развития Казахстана : Международный фонд им.
академика Алькея Маргулана, 1997
8. Токтабай А. Культ коня у казахов.- Алматы, 2004
9. Жансугуров И. Кулагер: Стихи и поэмы Алматы: Атамура, 2003
10. Имангалиев А.И. Казахская лошадь.- Алматы, 1976
11. Моисеенко Н.А. Служит людям добрый конь. – М.: Агропромиздат, 1988
12. Aitmagambetov D., Iskakova K. An eternal companion of the Kazakh // Mangilik El.-2014, №1
(3), 104-107 p.
38
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: В.В. РАДЛОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ
АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ
Акпар А., магистр, кіші ғылыми қызметкер
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә.
Тұңғыш
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты
болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және
болашаққа оң көзқарас таныту» болмақ. Сондықтан да, өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап,
келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты
мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен
жылқы шаруашылығы Ұлы
Даладан тарағаны тарихтан белгілі. Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба
жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған
аттардың азу тістерінде ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі
құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық
ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған.
Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз
ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі
энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш
рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға
қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті - Ұлы
даладан тараған, деп айтуға толық негіз бар.
Петербург академиясының академигі, түрколог, этнограф, шығыстанушы В.В. Радлов
қазақ өлкесінің зерттелуіне үлкен үлес қосты. Атқа міну мәдениетінің қазақ жерінде
дамығанын өткен ғасырлардағы зерттеушілердің еңбектерінен көре аламыз. Мысалы, Орталық
Азияны, оның ішінде Қазақстанды зерттеуде академик В.В.Радловтың еңбегі маңызды. Ол
өзінің қазақ жеріндегі зерттеулері жазылған күнделігін «Из Сибири» еңбегінде жариялады [1,
87 б]. Бұл еңбектің «Тюркские степные кочевники» деп аталатын бесінші тарауында қазақ
этнографиясы, оның ішінде мәдениеті жайлы көп айтылады. В.В.Радлов зерттеулерін Алтай
қырғыздарымен, яғни қара-қызғыздармен салыстыра отырып зерттеп, сипаттап жазды.
Қазақтардың материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның көшпелі мал шаруашылығы әсер
етті. Материалдық мәдениеттің маңызды дерегі болып табылады. Қарапайым еңбек
құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қолөнершілер жасап отырған. Қазақтың ер-тұрман
әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер
байқалады. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып келді. Қазақ – нағыз шабандоз
халық. Бала күннен ат құлағында ойнау – күнделікті гимнастикасы. Әйелдер кейде бұл
тұрғыдан еркектерден асып түсіп жатады. Кең-байтақ өлке де өмір сүрген олардың тілі тұтас
бірлікте.
Қазақтың атты көрсе, мінгісі кеп, шапқысы кеп кететіні – қандағы өлмес қасиет. Белгілі
түркітанушы ғалым В.В.Радлов: «Қазақтар үшін ол малдың (жылқының) асыл тастай көркі –
барлық сұлулық атаулының жиынтығы. Қазақ атты сүйікті әйелінен де артық көреді. Өте
әдемі, текті ат үшін жұрт сыйлайтын өте әділ де адал адамдардың өздері ұрыға айналады», –
деп жазады.
Қазақтың төрт түлікке байланысты атаулары бұрынғы еңбектерге қарағанда жүйелі әрі
кеңірек берілген. Зерттеуші мақаласы қазақ халқының тұрмыс ерекшеліктері жайлы қысқаша
кіріспеден басталып, әр түліктің жағдайын таратып айтып, малда кездесетін індет ауруларына
жеке-жеке сипаттама берумен аяқталады. Автор қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі жылқы
малының алатын орнына тоқталғаннан кейін үйірдегі жылқы санына, жылқының жасына,
түсіне байланысты атауларды сөз етеді. Қазақтың барлық тіршілігі, қуаныш-қайғысы
39
жылқымен ажыраспас байланыста екендігін, оның күйеу мен қалыңдыққа, ұрыста батырға,
қаза болған иесінің денесін елге жеткізуде, тұлданған ат ырымында, құн орнына жүруде, ас
кезінде т.б. тіршіліктің сан-салалы қажетінде атқаратын рөлін жазып қалдырған.
Ғалым өз зерттеулерінде қазақтың ат әбзелдеріне ерекше көңіл аударды. Оның
пікірінше, ердің көп таралған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы қанаты кең «қазақтың
ері» болып табылады. Мұндай ерлер құрамдас бес бөліктен – алдыңғы қас пен артқы қастан,
екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрды. Ердің ағаш сүйегі мұқият өңделді, ал
халықтың ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен қаптап түрлі-түсті бағалы тастан
көз салған түрлері болды. Әсіресе, әйелдерге арналған ер сәнді безендірілді. Қазақстанның
оңтүстік аймағында ердің «құранды ер» дейтін түрі таралған. Ол 22 құрамдас бөліктен тұрған
және бұл элементтердің әрқайсысының өз атауы болған, бұл бөліктердің барлығы желіммен
жапсырылып, күміспен немесе алтыннен безендірілген. Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен
ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге барлық ат әбзелдерін:
тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы, қамшы, және т.б. жасап
оларды әсемдеп-көркемдеп отырған.
В.В.Радлов «Тюркские степные кочевники атты еңбегінде қазақтар аттың үстіне
отыруды бала кезінен үйренеді, отыратын ері ашамай деп аталады, әр адам тамаша шабандоз»
деп жазды [2,64 б]. Қазақтардың ер-тұрманы бірнеше бөліктерден тұрды:
Аттың басына тағылатын бөліктері:
1) Ауыздықтан тұратын жүген, аттың аузының екі жағында тұратын сақина тәріздес
сулық, жақтың астында тұратын белбеуі сағылдырық, ауыздың астыңғы бөлігіндегі кеңсірік,
сондай-ақ тізгін, шылбырдан тұрады.
2) Ноқта.
3) Ер: а) қазақи, яғни жарты ай формасындағы ер адамдарға арналған ер; б) қоқандық
ер немесе сырлы ер, сарт ер деп аталатын әйел адамдарға арналған ер. Қоқандық ер қайыңның
қабықтарынан жабыстырылып, жылтыратылып жасалынады [2, 76 б].
Жергілікті қазақтарда ердің ең көп таралған түрі «қазақ ері» болғандықтан, оны ер
адамдар да, әйел адамдар да қолданды. Ал В.В.Радлов ер адамдардікін қазақ ері атауымен, ал
әйел адамдардікін басқаша атаумен, яғни қоқандық ер деп атаған. Жасалуы мен безендірілуі
жағынан қоқандық ер Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі құранды ермен сәйкес келеді.
Екеуінің де бөліктері желіммен жапсырылып, сыртынан қайыңның қабығымен тартылып,
күміспен немесе алтынмен безендірілген. Яғни, ғалымның мұндағы қоқандық ер деп отырғаны
құранды ер деп санауға болады. Қазақ ері В.В.Радлов жазбаларында «қырғыз ері (қазақ ері)»
деп аталады [3, 372 б]. Бұлай атауының себебі сол кезде қазақ жеріне жер аударылып
келгендер жергілікті қазақтарды қырғыздар деп атаған. Енді ердің бұл түріне тоқталатын
болсақ, жергілікті қазақтар оны бес бөліктен тұратындай етіп жасаған, дәлірек айтсақ,
алдыңғы қас, артқы қас, екі жақтағы қапталдан және орта ағаштан тұрған. Ал В.В.Радлов
жазбасындағы оның айырмашылығы – төрт бөліктен тұрған: алдыңғы қас, артқы қас және екі
қанатты қаптал.
В.В.Радлов зерттеулері арқылы, ер-тұрмандардан халықтың әлеуметтік жағдайына
байланысты айырмашылықтарды да көруге болады. Дәулетті емес қазақтардың аттары
қарапайым безендірілген. Ал бай-қуатты адамдардың ат әбзелдері күміспен, қымбат
әшекейлермен сәнделген. Сондықтан да, ат иесінің әл-ауқат жағдайын осыған қарап-ақ
ажыратуға болатын. Осы жөнінде ғалым ең қымбат қазақ ер-тұрмандар күміспен әшекейленіп
жасалатынын және оны тек бай қазақтар ғана сатып алатынын айтады. Әйел адамдардың
ерінің әшекейленуі әл-ауқатына байланысты емес, яғни күміспен әшекейленеді.
Ат үстінде жүрген көшпенділер неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен
үзеңгіні ойлап тапты. Бұл салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына,
сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді
қолдануына мүмкіндік берді. Ер қанаты - ат демекші, аттың үстінде еркін отыруды үйренген
сарбаз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың
40
құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып,
металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан
аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық –
қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі болып табылады. Жаумен
шайқасарда қылыш ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
В.В. Радлов сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындарына, оның ішінде
жылқымен байланысты ойындарға тоқталды. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі – теңге
алу. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерге күміс теңге қойылады. Ойыншылар
реттелген атқа мініп, шауып бара жатып, жердің үстінде жатқан тиынды еңкейе беріп, іліп
алып кетулері керек. Ақшаны сыйлық ретінде ат үстінен алған адам иеленіп кетеді, сөйтіп,
жеңімпаз атанады.
Сонымен қоса, жарысқа қатысушылар өздерінің күштерін де көрсете білген. Мысалы,
салт атты адам ат үстінде отырып, жерде тұрған қойдың артқы аяғынан ұстап алып, жоғары
көтерген және арлы-берлі теңселтіп, бірден лақтырып жіберген, яғни, оның қолында малдың
аяғы мен терісінің бір бөлігі қалуы керек. Сонда, қой жерге өлген күйде түскен. Мұндай
жабайылық өнер көрермендеріне ұнаған.
В.В. Радлов «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі» атты 4 томдық еңбегінде түркі
тілділердің лексикасын зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдісті түркі тілдерінің
фонетикалық жүйесіне, лексикалық құрамына, грамматикалық құрылысына түгел қолданған.
Бұл еңбегінде кездесетін үлкен бір топ – төрт түлікке қатысты мақал-мәтелдер. «Түркі
сөздігінде» төрт түлік малға байланысты мақал-мәтел елеулі орын алады. Олардың ішінде
көбірек көңіл бөлетіндерінің бірі – жылқы, оның себебі түсінікті, өйткені жылқы мінсе – көлік,
жесе – тамақ, ішсе – сусын. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |