23
1 – СЕКЦИЯ
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР КОНТЕКСІНДЕГІ ҰЛЫ ДАЛА
БІРТУАР ТҰЛҒА
Абишева Ж.Р., т.ғ.к.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Тарихты жасаушы халық және халықтың тағдыры арқылы берілетін саяси оқиғалар. Ал
осы саяси оқиғалардың негізгі субъектісі – әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар
қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен
тұрады. Олай болса қоғамның негізгі қозғаушы күші – тұлға. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге
белсене араласуының маңызы ерекше. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін
дамытуға мүмкіндік жасалады. Қазіргі кезде Отандық тарихтың алдына қойған басты міндет
еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени өмірінде айтарлықтай із қалдырып, қоғамның жаңғыруына
серпін берген асыл тұлғаларымыздың бізге беймәлім тұстарын ашып, лайықты бағасын беру
болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда тарихшы-ғалым Тастанбек Сәтбайдың «О. Сүлейменов
феномені және оның Қазақстанның мәдени өміріндегі орны (тарихи талдау)» тақырыбындағы
докторлық диссертациясының маңызы айтарлықтай.
О. Сүлейменов шығармашылығы кеңестік көркемдік, ғылыми ойдың жетістіктері мен
интеллектуалдық жеңілістері және Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жеңістері мен
іркілістерінің бейнеленгендігімен көкейтесті. Шет елдерде ақын тұлғасы қазақ қоғамдық
ғылымдарының жиынтық биік шыңы, квинтэссенциясы, ұлттық философ ретінде қабылданса,
отандық
қоғамдық
пікірдегі
қайшылықтар
да
оның
шығармашылығында
шоғырланғандығымен маңызды. ХХІ ғасырдың басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың О.
Сүлейменовті «Қазіргі заманның ұлы ақыны, көрнекті қайраткер, менің байырғы досым» [1],
- деуі де Тастанбек Сәтбайдың зерттеген тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
ХХ ғасырдың 60 - жылдарында Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағы одан қалды әлемдік
поэзияға өзіндік қайталанбас қолтаңбасымен келген О. Сүлейменов көптеген қазақстандық
жас ұрпақ өкілдері үшін «ақылдың билеушісіне», пір тұтар идеалына айналды. Кеңестік қатаң
идеологиялық қысым жағдайында қазақ халқының тарихи ар-намысын қорғауда, оны қалпына
келтіруде, мәдениетін жаңа сатыға көтеруде, өз ұлтын әйгілеуде О. Сүлейменов
шығармашылығы айрықша рөл атқарды. Шығармаларын орыс тілінде жазған қазақ ақынының
еңбектері жарты ғасырдан бері, көзінің тірісінде халықаралық деңгейде қоғамдық пікірдің
назарын өзінде ұстауда. Өткен ғасырдың 60-80-жылдарында оның шығармашылығы туралы
диаметриалді қарама-қарсы пікірлер айтылып келеді. Кеңестік қоғамда ол «ұлтшыл» атанса,
егемендіктің алғашқы жылдарында «интернационалист», «космополит» атанды. Бүгінгі күнге
дейін кереғар пікірлер нөсері толастамауда. Осыған орай ақынның қоғамдық, ұлттық,
дүниетанымдық және азаматтық тұжырымдамаларының қалыптасуы, орнығуы, дамуы
эволюциясын талдау, өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін бөліп көрсету тарих ғылымының
өзекті міндеттерінің бірі екендігі ақиқат. Бұлай дейтін себебіміз – О. Сүлейменовтің
шығармашылығы негізінен оның әріптестері мен әдебиетшілер, өнер танушылар, т.б.
қоғамдық ғылым саласының өкілдері мерзімдік баспасөз беттерінде, ғылыми басылымдарда
пікірлер білдіргенімен, олар негізінен ақын шығармашылығының жекеленген қырлары мен
сырларына немесе жеке еңбектеріне арналды. Ал оның өмірі мен қоғамдық қызметін, ғылыми
мұраларын толық, кешенді түрде қамтыған күрделі еңбектер жоқтың қасы еді. Тастанбек
Сәтбай О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығын, Қазақстан көркем мәдениетінің
дамуына қосқан үлесін, ақын шығармашылығының Қазақстандағы ғылыми-тарихи ойдың
дамуына ықпалын, елшілік қызметін, О. Сүлейменовтің тәуелсіздік және мәдениеттану
24
концепцияларының теориясы мен практикасын жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар О.
Сүлейменовтің отандық және әлемдік тарих, тілтану ғылымдарына деген тұжырымдамалары
мен жаңа этимологиялық зерттеулерінің жаҺандық өзектілігі ашылып, тұлғаның Қазақстан
мен әлемдік тарих, тілтану ғылымының дамуына қосқан үлесі, кеңестік және Қазақстанның
жоғарғы билік органдарымен қарым-қатынас тәжірибелерінің ерекшеліктері айқындалады.
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы қайта өрлеу ауқымындағы
бірден-бір тұлға О. Сүлейменов екеніне оның оппоненттері де уәж айта алмауда. Сондықтан
О. Сүлейменов жеткен биіктен қазақ зиялыларының бүгінгі менталдық бет пішінін, мінез
желісін, азаматтық деңгейін бағамдап, ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларымен
салыстырып көру де өзектілігін жоймайды. О. Сүлейменовтің ақын, ғалым және қоғам
қайраткері ретіндегі табыстарының феноменін түсіну үшін осы күнге дейінгі отандық,
кеңестік және әлемдік дәстүрлі тарих ғылымында қалыптасқан бірқатар әдіснамалық
мәселелерді айналып өту мүмкін емес. Ақынның әдіснамалық көзқарастарының ішкі мазмұны
туралы дискуссиялар «Аз и Я» еңбегіне қатысты пайда болған еді. Айтыс-тартыстардың
барысында тарих және болмыс, тарих және қазіргі заман, тарих және саясат, тарихты
оқытудың әдіснамасы, теориялық және деректемеліктұжырымдамаларға қатысты түйінді
мәселелер қоғамдық ғылыми көпшілігінің талқысына түсті. Талқылаулар қызу қарқын алып,
О. Сүлейменов көтерген проблемалардың өзек жарды болғаны сондай, ол ғылым төңірегіндегі
мәселелер аясынан шығып, саяси-мәдени сипат алды. Оның барысында диаметральді қарама
қарсы пікірлер білдірілді. Пікір білдірушілердің биресми қоғамдық тобы ақынның
әдіснамалық – теориялықкөзқарастарына қызу қолдау көрсетіп дәріптеуге дейін барса, ресми
академиялық ғылым өкілдері – оның мейлінше жаңа да тың деректері мен әдіснамалық
тәсілдерін қабылдауға дайын болмай шықты [2]. Алғашқыларын ресми ғылымынан алыс
қоғамдық көпшілік қолдап, кітаптың «қара нарықтағы» құны адам айтқысыз өсіп кетсе (Баку
қаласында оны автомашинаға ауыстырғысы келетін оқырманның көше хабарландыруы
ілінген), екіншілерін – Саяси Бюро мүшелері деңгейінде кеңестік партиялық жүйе қолдады.
Кеңес елінің қоғамдық өміріне КОКП Орталық Комитетінің, республикалық партия
ұйымдарының, биліктің күштеу құрылымдарының ықпал дәрежелерін зерттеумен қатар,
ғылыми
бюрократиялық
құрылымдардың
немесе
басқаша
айтқанда,
ғылыми
номенклатураның – жекеленген тұлғалардың шығармашылығына дербес ықпал әсерін
бағалауда аса маңызды әдіснамалық мәселелердің бірі. Мамандардың айтуынша, Кеңес
одағында белгілі бір басқару қатпары қалыптасып, оларды белгілі бір әлеуметтік таптарға
жатқызуға болмайтын. Партиялық – мемлекеттік бюрократияның (номенклатураның) осы бір
табиғатын дәл таныған Дж. Бофф бұл қатпарды өзіндік орденге жатқызған еді [3]. Орденнің
барлық салаларда оның ішінде ғылым жүйелері мекемелерінде бөлімдері құрылып, ғылымды
басқарудың тетіктерін өз қолына алғанды. О. Сүлейменов көтерген әдіснамалық мәселелерге
ең бірінші өре түрегеліп қарсылық көрсеткен және партиялық – мемлекеттік құрылымдарды
көмекке шақырған да осы ғылыми салалық орден мүшелері еді. Ғылыми ой еркіндігіне
ұмтылғандардың, қабылданған ойын ережелерінен сәл ауытқығандардың – ғылыми
жұмыстарының ресми мойындалуы, яғни бекітілуі барынша күрделендіріліп, авторлар үлкен
қиыншылықтарға, тұрмыстық, мансаптық кедергілерге тап болды. Соған қарамастан, ғылымға
адал жекеленген тұлғалар кеңестік шеңберде еркін ғылыми ізденушілігін табандылықпен
жалғастырып, мүмкін болған жағдайда қоғамдық көпшілікке жүгініп отырды.
Парадоксалдығы сонда, бұндай жағдайларда ғылыми атақ – дәрежесі жоқ немесе қарапайым
ғана ғылыми атағы бар (ғылым кандидаты), бірақ ғылыми ізденістерінің сонылығымен,
жарияланған мақалаларының өзектілігімен көзге түскен жекеленген энтузиастардың
танымалдылығы мен беделі – ресми жоғарғы атақ, даңққа бөленгендерден (ғылым докторы,
академик) ғылыми көпшілік ортада әлдеқайда жоғары болған жағдайлар жиі кездесті. Бұл
кеңестік ресми ғылыми номенклатуралық ортада кейістік, шамданушылық тудыратын, бірақ
көнуге тура келетін. Кеңестік ғылыми номенклатура мен ғылыми қоғамдық көпшіліктің
арасындағы бұндай адами құндылықтық қайшылықтар отандық ғылымның ұйымдық
25
әдіснамалық қателіктерінің бірі болып, елдегі қоғамдық ғылымдардың дамуын тежеді. Бұл О.
Сүлейменов ізденістерінің ғылыми номенклатуралық ортада ашу – ызамен қабылданып,
керісінше, ғылыми көпшілік ортада зор танымалдылыққа қол жеткізуін түсінудің әдіснамалық
кілті болып табылады.
Кезінде (1975) Олжас көтерген әдіснамалық, тарихнамалық, теориялық концептуальды
мәселелер – тәуелсіз Қазақстанның жағдайында мол нәтижелер бере бастады. Бірақ отандық
және ТМД кеңістігінде тарихшылар мен тілтану ғылымы өкілдерінің Олжас көтерген
әдіснамалық мәселелерді кешенді түрде қарауға дайын болмаушылығы жалғасын таба берді.
Кедергісіз ашық пікір айтуға мүмкіндік туған жағдайда да Олжас көтерген тарихи адамзаттық
әдіснамалық мәселелерді ұғынуға кәсіптік интеллектуалдық өренің жетіспеушілігі айқын
сезілді. Бұл біріншіден, Олжас күн тәртібіне қойып отырған ғылыми –қоғамдық жүктің тым
ауырлығы мен іргетастылығымен түсіндірілсе керек. Бұл жылдары Олжастың ғылыммен, өз
ілімін насихаттаумен, ал отандық тарихшылардың – Олжастың мұраларымен тиянақты
айналысуына мүмкіндіктері болған жоқ. Екіншіден, О. Сүлейменовтің тарихнамалық және
әдіснамалық концепциясын біржолата айқындаған «Аз и Я»-ның жалғасы іспеттес бірнеше
күрделі еңбектері ғасырлар тоғысында ғана дүниеге келген еді. Сондықтан О. Сүлейменовтің
тарихқа деген іргетасты әдіснамасын жан-жақты қарастырудың соңғы жылдары ғана сәті түсіп
отыр деп айтуға болады.
Дамудың белгілі бір кезеңінде объективті және субъективті себептермен (діни, саяси,
идеологиялық) ғасырлар бойы ғылымда, оның ішінде қоғамдық ғылымда да қалыптасқан
стереотиптерден арылу – дәстүрлі ғылыми институттар мен құрылымдардың қолынан келмей,
заманы жүгінің жекеленген тұлғаларға түсетіндігінде. Жеке тұлғалардың мәдениеті мен
азаматтық ұстанымы – қалыптасқан дәстүрлерден тыс дамиды. Тұлғалар – ғылыми ресми атақ
дәрежесі жоқ, дәстүрлі ғылымның шарттылықтары мен соқыр сенімдерінен ада, үйреншікті
ғылым, білім жүйесінен жоғары тұра білген, өздерінің теңдесі жоқ білімі мен мәдениеті
арқылы тәкаппар да өр келетін энциклопедиялық білім иелері.
Ресей және кеңестік билік жағдайында дәстүрлі элитаның өкілдері Европалық
өркениеттің ықпал орбитасына артылып ұлт зиялыларының алғашқы легін құрады. Олардың
бөтен мәдениеттің жетістіктеріне тереңінен ден қоюы уақыт талабы еді. Алайда О.
Сүлейменовтің ерекшелігі басқа мәдениеттерді іргелі игере отырып, өз халқын асқақтатуында,
кеңестік талаптарға қарамастан, төл тарихына, ұлттық құндылықтарына ден қоюында, оны
басқа халықтардың ұлттық мүдделерімен өзара тәуелді қарастыруында. Мұндай тұлғалық
ментальдық мәселені түсіну кез келгеннің жазуы емес. Жеке тұлғалар арқылы танылатын
саяси, мәдени, рухани, ұлттық құндылықтардан туындаған көзқарастар мен ағымдардың тұтас
болмысы қарама қарсылықтардың бірлігі заңдылығы бойынша қарастырылып, ол
құбылыстарды тұлғаландыру арқылы ашылатындығы дәлелдеуді керек етпейді. Сондықтан О.
Сүлейменовтің тұлғалық феномені әдебиет, мәдениет тарихына ғана тиесілі емес, ұлттық
тарихтың «үлкен» бөлімі мен факторы ретінде қарастырылуы тиіс.
Аса маңызды әдіснамалық аспектілердің бірі тарихпен қатар әдебиет пен
әдебиеттанудың деңгейінен туындайды. Орыс-қазақ және әлемдік классикалық әдебиеттің
озық туындыларының ерекшелігі сонда, авторлар, өз шығармашылығында тек көркемдік
құралдармен
шектелмей,
ғылыми
әдіс-тәсілдердің
бүкіл
арсеналын
барынша
қолданатындығында. Көркем ойлар ғылымиландырылып беріледі немесе керісінше. Мысалы,
ХІХ – ХХ ғасырлардағы орыс әдебиеті мен ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің озық үлгілерін
және әлемдік әдебиеттен Умберто Эко, Ш.Айтматовты, А.Солженицынды атап, тіпті
М.Булгаковтың туындыларын да таза көркемдік еңбектерге жатқызуға болмас еді. Отандық
әдебиет тарихынан М.Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың,
М.Мағауиннің, А.Сейдімбековтің қайсібір шығармаларын алсаңыз да көркемдіктен бөлек,
тарихи ғылым, социологиялық әдістердің қолтаңбасын көресіз. Бұл Олжастың барлық көркем
туындыларында, әсіресе «Қыш кітабында» барынша шыңдалып, классикалық формаға ие
болды. О. Сүлейменовтің зерттеуші тарихшыға қоятын әдіснамалық талабы қаталдығымен,
26
әділдігімен ерекшеленеді де тарихи тәжірибелермен үндесіп жатады. Ұлттық мемлекеттердің,
ұлттық ғылымдарының қалыптасуымен бірге ұлттық сананың оянуы дәуіріндегі алғашқы
тарихты жазушылар: публицистер, ақындар, жазушылар, филологтар, дипломаттар тарихқа
деген қызығушылығы жоғары басқа да ғылым мен өнер салаларының өкілдері болды. Олар
кейіннен кәсіпқой тарихшыларға айналды. Бұл орайда О. Сүлейменовтің «Кітап оқу ғылымы
дегеніміз ішінде сөз ядро сияқты қалқып жүретін мәдениет ғаламын тұшыну. Оны меңгермей
өзіңнің де жазуың мүмкін емес» [4], - дейтін ұстанымы әдіснамалық жағынан кіршіксіз. Демек
байсалды, кәсіпқой тарихшы болу үшін әуелі сөз, тіл әлемін тұшынуға мүмкіндік беретін
ақындық немесе ақынжандық, жазушылық, публицистикалық т.б. практикадан өтіп, жазу
машығын қалыптастыру мектебінен өткен абзал.
ХХ ғасырдың басындағы жаңа тұрпатты қазақ зиялыларының осындай тәжірибеден
өтпегені кемде кем. Барлығы да публицистикалық, ғылыми және саяси күрес мектептерінен
өтіп жазу машығын қалыптастырғандар. Ұлттық сананың оянуы, алғашқы зиялыларды
мамандықтарынан тыс тарихпен айналысуға итермеледі (дәрігер С. Асфендияров, инженер –
М. Тынышпаев). Геолог-инженер Олжас осы ұлттық дәстүрді жалғастырушы болды. Жаңа
типтегі зиялылардың мұндай мінез желісі орыс тарихында көп кездеседі. В.В. Татищев, Н.М.
Карамазин, С. Соловьев, Н. Ключевский және т.б. Олардың ұлы әдіснамалық артықшылығы,
өз салаларын: ең бастысы әдебиет пен тілді, өнерді тарих ғылымынан ажыратып қараған емес.
О. Сүлейменов тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, осы кезеңге сәйкес келетін
барлық тарихи концепцияларды салыстырады, ортақ кемшіліктері мен сипатты белгілерін
және өзара алмасу дәрежелерінің әмбебаптық мәнін дәл көрсетеді: «Ұлттық сана-сезімнің өсуі
мен ғылымның қазыналық патриотизмге қызмет етуі жиіледі де, тарихама – тарихтан
алшақтай бастады. Өткенге деген жаңадан пайда болған көзқарастарға сәйкес, фактілер де қате
түсіндірілді немесе бұрмалана бастады. Бұл әмбебап құбылыс. Барлық дерлік европалық
тарихнама мұндай кезеңді бастан өткерді» [4, с. 11].
Үш тағанды – тілді, әдебиетті, тарихты – бір-бірінен оқшауландыру, үшеуінің дербес
дамытылуы кеңестік гуманитарлық ғылымдар арасындағы байланыстарды әлсіретіп, - тарих
ғылымының әдіснамалық мәселелерін ушықтырды. Бейнелеп айтқанда, тарих ғылымының үш
тағанды құмырасы тас талқан болып қиратылып, олардың өзі – өз кезегінде жіктеліп отырды.
Сондықтан О. Сүлейменовтің алдында аса күрделі зергерлік әдіснамалық жұмыс – бірнеше
ғасырлар бойы тарихи дәстүрлі мектептер сындырған құмыраларды қалпына келтіру міндеті
тұрды. «Үш тағанның» әдіс-тәсілдерін шебер ұштастыру нәтижесінде дүниеге келген
ақынның «Аз и Я»-сы бұл міндетті тамаша орындап шықты. О. Сүлейменовке өлеңнің
құрылысын түсінуге ақындық тәжірибесі көмектеседі. Өлеңнің құрылымын игеруге
структуралық талдау арқылы қол жеткізсе, жаңа этимологиялық талдау арқылы «жырда»
кездесетін көне түркі және славян тілдерінің қолданылуы ерекшеліктеріне тоқталады.
Тарихилық ұстанымын басшылыққа ала отырып ақын «жыр» дүниеге келген тарихи
уақыттағы саяси күштердің орналасуына терең бойлайды. Нәтижесінде тарихи дерек ретінде
жырдың мәтінін тарқату, игеру, оның шығуы тегіне, авторына, уақытына және тарихи тілдік
ортаны айқындауға қатысты соны тұжырымдар жасайды. Деректерді, осылайша, сырттай
сыни ой елегінен өткізуге ақынның палеографиядан, текстологиядан, дипломатия тарихынан
және аударма ісінен мол хабардарлығы жәрдемдеседі.
О. Сүлейменов «жырдың» уақыт ішінде семантикалық өзгерістерге ұшырайтындығын
ескере отырып, оның түпнұсқалық вариантын қалпына келтіруге ұмтылады. «Мен, Х-ХІІ
ғасырлардағы далалықтардың (торкндер, берендейлер, печенегтер, құмандар, кощейлер,
погандар, языгтар, толковиндер) басқа да топтама атауын құрайтын сөздерді тарихи
контекстен тыс, семантикалық ұясынан бөліп алып қарауды этимологтардың әдіснамалық
қателігі деп санаймын» [4, с. 156]. Ақын өзінің жаңа этимологиялық әдісімен «жырдың»
зерттелуі тарихына мұқият шолу жасай отырып, оның екі рет ХVІ және ХVІІІ ғасырларда діни
және патриоттық себептермен зерттеушілер мен көшірмешілер тарапынан қалпына
келтірілгенін дәлелдейді. Ақын – этимологиялық, көркемдік, құрылымдық зерттеу әдістерін
27
ұштастыра келіп тарихшылардың бірнеше ұрпағы жіберген қателіктерді фактілік дәлдікпен
нақты атап көрсетеді. Сөйтіп, ақынның зерттеуімен көптеген тарихи фактілер мен оқиғалар,
тарихи процесстер мен құбылыстар мүлде жаңа мазмұн мен түрге ие болды.36 бет
Әдетте, О.Сүлейменовті Отандық оппоненттері ақынды ұлттық мәдениет пен тіл
тағдырларына қарағанда, әлемдік проблемалардың жетегінде кетті деп кінәләйді. Бірақ шын
мәнісінде оны көп жағдайда – әлемдік мәдениетте ұлттық мәдениет көптүрлілігінің жойылып
кетпеуі толғандырады. Ақынның туған тілге қатысты мына бір жан тебірентерлік сөздері де
оның кепілі: «Бабаларымның тілі – мыңжылдықтың тілі. Уақыт бойында сен саз балшықтай
иленіп, отқа қақталдың. Қылыштың соққысы мен қамшының ысқырығы, ерлеріміздің өрлігі
мен әйелдердің ыстық табы да сенде. Шумер, ғұн тілдерінің ұмыт болған үндері, моңғол
сөздерінің қырылы да сенен естіледі. Сен қайда тудың? Өртке оранған Жетісуда ма? Сен бізге
тамырларымыз арқылы берілдің. Сөйтіп, сен жүрегіміздің дүрсілі, ойымыздың қоңырауы
болып тұла бойымызды кернеттің. Тағдыр мені қалай шыр айналдырса да – ант етемін! Мен
саған қайтіп оралам. Өмірімнің басында, әлде соңында. Алыстан, құтты саяхаттан, қымбат
жасаумен, үлде мен бүлдеге оранып, ұмыт қалған әкесіне оралған перзентіндей ораламын» [5].
Ғасырлар тоғысында дүниеге келген «Жазу тілі» қоғамдық ғылыми көпшіліктің
назарын өзіне бірден аударды. Адамзат кемеңгерлерінің ғасырлар бойы бас қатырып шешімін
таба алмай келе жатқан проблемалардың бірі – тіл мен адам ойының шығуы төңірегіндегі
мәселелер. Сондай мәселелердің бірі алғашқы адам мен оның тілі қандай болды? Жұмақта
Адам Ата мен Хауа ана қай тілде сөйледі?... дейтін мәселелер ешуақытта адамзат
ойшылдарының көкейінен түскен емес. Оның барысында сан мың жорамалдар айтылды.
Христиандық өркениет христиан дінінен, ал ол өз кезегінде көне еврей тілінің қойнауынан
шыққандықтан орта ғасырларда Тауратта киелі тұтылды. Киелі кітап еврей тілінде
жазылғандықтан жұмақтағы тілдің еврей тілі болуы мүмкін екендігі аксиомаға айналды.
Ұлттық сана-сезімнің өсуімен Бастапқы тілдің қандай болғандығына қатысты үміткерлердің
саны арта түсті. Ғылыми тартыс ХІХ ғасырдың басына дейін көкейтестілігін жоғалтқан жоқ.
Бұл тартыс белгілі бір дәрежеде қоғамдық ғылымдардың, әсіресе, тілтану ғылымының дамуы
деңгейімен түсіндірілетіні заңдылықта еді. Өйткені ХІХ ғасырға дейін адамзаттың тарихқа
дейінгі кезеңінен мағлұмат беретін бірден бір киелі де беделді кітап – Таурат еді. Сондықтан
ең көне тіл деп есептелген еврей тіліне бір жақты басымдықтар берілді. Алайда, бұдан бөлек
параллельді тілге, бастапқы «тілдік таңбаларға» деген зайырлы білімдер де жинақталып
жатты.
Адамзат баласының діні мен ғылымы қанша бас қатырса да шешімін таба алмай келе
жатқан Басты мәселеге – О.Сүлейменов басқа қырынан келеді. Адамзаттың о баста бір
бастаудан шыққандығын және олардың тілінің бір болғандығын ақын өзінің «атомарлы
лингвистикасы» арқылы дәлелдейді. Құдайдың өзі қойған жұмбақ сауалдар жауабының
шешімін жеке дара табуға әрекеттену астамшылдық болып көрінуі мүмкін. Алайда, қазақ
ақынының әлемдік ресми ғылымның өкілдерін жеңуі бір емес, бірнеше рет болған жағдай. «...
Жер бетінде бүкіл адамзатқа ортақ біртұтас түпкі тіл болған... адамзат бір тамырдан тарайды
(Адам Ата мен Хауа ана), - дейді О.Сүлейменов. Мен ондаған жылдар бойы айналысқан
сөздіктердің, археологияның, палеографияның, этнологияның материалдары мені бұлжытпай
осындай қорытындыға алып келді. Оны тек қана лингвистика немесе антропологияның
мағлұматтарымен негіздеу мүмкін емес. Мәдениетті, оның барлық мың-сан күрделі
комплектілерін жасайтын басты факторлар – ілкі иероглифтер мен тіл екеніне менің көзім
барған сайын жетті. Олардың белсенді өзара әрекеттесу актілері адам мен оны қоршаған
дүниеде адамилықты қалыптастырды» [6].
О.Сүлейменов алғашқы таңбалардан ежелгі алғашқы алфавиттерге дейінгі аралықтағы
дыбыстар эволюциясының барысын, ежелгі сөздер мен материалдық мәдениет өрнектерін
талдаудың жаңа күшті инструментарилерін жасай алды. Жаңа тілтану мен этимологияның
іргетасын қалап, оны дәл ғылымдарға жақындатты. Сөйтіп осы күнге дейін адамзаттың
ғылыми ойы – жұмбағын шеше алмаған түйінді шешуге орасан зор үлес қосады. Сол арқылы
28
бүгінгі әлемдік қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан жүздеген діни, идеологиялық, мәдени,
нәсілдік, ұлттық соқыр сенімдерді жеңуге мүмкіндік берді. Осылайша жер-жердегі
«патриоттық ғылымның» алуан түрлі өкілдерінің «жұмақ тілін» өз тілдеріне тартуы мән
мағынадан айырылды. О.Сүлейменов үшін бүкіл адамзат – таңдаулы халық. «Халықтарды
ежелгі немесе жас, тарихи немесе тарихи емес деп бөлмеймін. Олардың барлығы жерде бір
уақытта пайда болды. Олар туралы естелік – тілдерде сақталған. Этимология тарих
ғылымының негізгі жанры – тіл археологиясы болуда. Ол көне тарих туралы, тарихқа дейінгі
саналмаған мыңжылдықтар туралы негізгі мағлұмат беруші бола алады» [6, с. 496] – дейді
ақын. Шынында осы күнгі көне замандарды зерттеуде негізінен жазба, археологиялық,
антропологиялық, этнографиялық деректер ғана пайдаланылып, этимологиялық деректер
шеттеп қалған. Ал О.Сүлейменов «Этимологияның сөздіктер қорғандарынан ежелгі тас
ғасырының вавилондарын қазып алуға болатынына» сенімді. О.Сүлейменов адамзаттың
Басталу дәуірінің архетипін жаңа «ядролық», лингвистикалық және көркемдік зерттеу
құралдарымен тануға болатындығын іс жүзінде дәлелдей алды. Еңбектің миссиялылығы
осында.
О.Сүлейменов тұлғасы үлкен феномен. Көзінің тірісінде-ақ талайларды мойындатып,
қазақ халқын интеллектуалды жоғары ұлт ретінде әлемдік деңгейге көтерген осындай
тұлғаның мұрасы мен қызметін насихаттау бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Олжас
Сүлейменовтің шығармашылығы әлемдік өркениеттердің рухани дағдарысы жағдайында діни,
мәдени, экономикалық, саяси қайшылықтарды жұмсартып, адамдардың, өркениеттердің
жақындауына қызмет етіп планетарлық сананы қалыптастырып, адамзаттың психологиялық
мәдениетін көтеруге жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |