Тапсырма 1: Бастауыш мектептің математика сабағындағы дамыта оқыту технологиясы Жазу талабы



бет1/3
Дата08.06.2022
өлшемі18,46 Kb.
#146227
түріОқулық
  1   2   3
Байланысты:
Тапсырмалар


Тапсырма 1: Бастауыш мектептің математика сабағындағы дамыта оқыту технологиясы


Жазу талабы:

  1. Тапсырманы орындауда, оны жазу талабы сақталсын: шрифт Times New Roman, 12, интервал 1.0

  2. Интернеттен алынған материал толық плагиат болмай, өңделіп, өз ойыңызбен толықтырылуы қажет.

Теориялық білімдеріңізді пайдалана отырып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз және оны өздік жұмысы дәптеріңізге толық жазып тапсырыңыз.




Мына сұрақтарға жазбаша жауап бер:


1 аптада орындап тапсырасыздар:
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының, оқулықтардың және оқу-әдістемелік құралдардың мазмұны мен құрылымын талдау.
Топтық жұмыс:
Білімалушылар 2-3 адамнан құралған шағын топтарға бөлінеді.
Практикалық тапсырма:
1. «Математика» пәні бойынша қазіргі қолданыстағы оқулықтың біріне (1-4 сынып) жазбаша талдау жасаңыздар:

  • Авторлары, атауы, басылымнан шыққан жылы.

  • Оқулық құрылымы (бөлімдері, бөлімшелері, тақырыптары, безендірілуі (суреттер) және т.б.).

  • Оқулықтың жеке бөлім мазмұны: а) оқу материалының мазмұны мен көлемі бойынша стандартқа сәйкестігі; б) өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтардың берілуі.

  • Оқулықтағы тапсырмалар мен жаттығуларды талдау:

а) тапсырмалар мен жаттығулар берілген оқу материалын бекітуге негізделуі;
ә) оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналғандығы;
б) тапсырмалардың тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі;
в) оқушының функционалдық сауаттылығын, яғни тілдік дағдыларын (тыңдалым-айтылым, оқылым, жазылым дағдылары) жетілдіруге бағытталуы.
г) тапсырмалардың Блум таксономиясының деңгейлеріне негізделіп берілуі.

  • Оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың сапасы және дұрыс орналастырылуы.

  • Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі.

  • Бұл оқулықтың (қолданыстағы) басқа авторлардың оқулықтарынан артықшылығы мен әдістемелік ерекшелігі.

  • Сіздің оқулық туралы пікіріңіз.



2. Жасалған талдау негізінде мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Қарастырған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнының жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
2) Оқулық мазмұны мен бағдарлама қаншалықты бір бірімен сәйкес келеді?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет