Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) – хордалы
жануарлардың тип тармағы. Қазба қалдықтары ордовик – төменгі
силур кезеңдерінен белгілі.
Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі
сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз
Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың
эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы
жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары
(негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен
теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің
жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші
болды.
Қазіргі уақытта ғылымға омыртқалы
жануарлардың 43 000 түрі белгілі. Олар
6 класқа жіктеледі: Дөңгелек ауыздылар
класы; Балықтар класы; Қосмекенділер
класы; Бауырымен жорғалаушылар
класы; Құстар класы; Сүтқоректілер
класы. Қандай да бір тірі жәндік
болмасын, қай-қайсысы болса да өз
тіршілігінде даму сатыларынан өтіп
жетіліп отырады. Омыртқаслы
жануарлардың кластарға жіктелуі
олардың ерекшеліктеріне байланысты
болса, сол ерекшеліктердің қатарында
олардың дамуы да елеулі орын алады.