271
Құрылыс алаңдарында тікелей пайдаланылатын қондырғыларда
оқшаулау кедергісі айына бір рет жəне əрбір 10 күннен
артық
жұмыс істемей тұрса, кернеуді қосар алдында əрбір рет өлшенуі
керек. Оқшаулама кедергісі мегаометрмен өлшенеді.
Құрылыс индустриясында электрлі бұрғылар, электр
тежегіштер, электроқуатқыштар, электрлі балғалары жəне
басқа да
машиналар кеңінен қолданылады. Жылжымалы электр құралының
кернеуі қауіптілігі жоғары емес бөлмелерде - 220 В-нан аспауы
керек, жəне қауіпті, əсіресе қауіпті жəне ашық ауада орналасқан
бөлмелерде - 42 В жоғары емес болу керек.
Қорғаныс жерге тұйықтау
деп электрлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында кернеу астындағы емес, бірақ оқшаулау
тесілу нəтижесінде кернеу астында болуы мүмкін электр
қондырғылардың барлық тоқ өткізбейтін металл бөліктерімен əдейі
қосылуды айтады.
Қорғаныс жерге тұйықтау – корпустар мен басқа бөлшектердің
жерге тұйықтағышпен қосылуы. Жерге тұйықтағыштар ылғалды
жерге салынған құбыр, бұрыштық болат, швеллер, жолақты болат,
темір
парағы
(сондай-ақ
темір-бетон
конструкциялардың
арматурасы, ЭТЖ болат тіреулері жəне т.б.) болуы мүмкін.
Жерге
тұйықтау құрылғысының өтпелі кедергісі көмір шахталарының
жерасты жағдайларында, қауіптілігі жоғары жəне аса қауіпті үй-
жайларда 2 Омнан аспау керек, басқа жағдайларда – 4 Омнан, ЭТЖ
тіреулерінде – 10 Омнан аспау керек.
Қосылысты дəнекерлеу арқылы жүргізген дұрыс. Жылжымалы
электр қабылдағыштарды электр қондырғыны қоректендіретін
кабельдің жерге тұйықтағыш тармағы арқылы жерге тұйықтайды.
Қорғаныс жерге тұйықтаудың əрекет ету принципі – корпуска
тию кернеуін жерге тұйықтаудың аз кедергісі есебінен азайту (19.1-
сурет).
Достарыңызбен бөлісу: