Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


ВЕКТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН СИНУСОИДТЫ



Pdf көрінісі
бет17/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

ВЕКТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН СИНУСОИДТЫ 
ШАМАЛАРДЫ КЕСКІНДЕУ 
Айнымалы тоқ тізбектерін есептегенде жиі тоқтар мен кернеулерді 
қосу жəне алу операцияларын жиі орындауға тура келеді. Тоқтар мен 
кернеулер аналитикалық тұрғыдан немесе уақыт диаграммалары арқылы 


26 
2.4
 
-сурет

Кернеудің 
и 
жəне тоқтың 

векторлық диаграммасы
Синусоидалық шамалармен орындалатын əрекеттерді айтарлықтай 
жеңілдетуге мүмкіндік беретін векторлық диаграммаларды құрудың 
əдісі бар. 
Бірдей жиілікті синусоидалық ЭҚК, кернеу жəне тоқты 
сипаттайтын нөлдік уақыт мезетіне сəйкес келетін векторлардың 
жиынтығы 
векторлық диаграммалар 
деп аталады. Векторлық 
диаграммаларды құруды вектордың бастапқы қалпы бастапқы 
фазасымен анықталатын сəттен бастау ұтымды болып табылады. 
Батапқы фаза у = 0 болғанда, вектор бастапқы мезетте абциссала 
осімен орналасады. Қысқыштарында кернеу 
и 
жəне тоқ i əрекет 
ететін, бір элементтен тұратын, фазасы бойынша сəйкес келетін 
қарапайым электр тізбегі үшін векторлық диаграмма 2.4-суретте 
келтірілген. 
Синусоидалық шамаларды векторлардың көмегімен сипаттау 
осы шаалардың бастапқы фазаларын жəне олардың арасындағы 
фазалық ығысуды көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл 
əдісте шамалардың лездік мəндерін қосу жəне азайтуды олардың 
векторларын қосу жəне азайтумен алмастыруға болады. Векторлық 
диаграммалардағы векторлардың ұзындықтары тоқтың, кернеудің 
жəне ЭҚК-нің ағымдағы мəндеріне сəйкес келеді, себебі олар осы 
шамалардың амплитудаларына пропорционал. 
Векторлық диаграммада векторлар бұрыштық жиіліктері ю 
бірдей тоқтарды (кернеулерді) сипаттайтынын ескеру қажет. 
Сондықтан олардың сызбадағы өзара орналасуы өзгермейді. 
Салдарынан векторлық диаграммаларды құру кезінде бір векторды 
еркін түрде жіберуге болады. Ал қалғанын фазалық ығысудың
тиісті бұрыштарына тең бұрышпен біріншісіне қатысты 
орналастыруға болады. Жəне координаталар осін сызбауға болады. 
Көп 
жағдайда 
айнымалы 
тоқ 
тізбектерінің 
векторлық 
диаграммалары кернеулер мен тоқтардың ағымдағы мəндерінің 
арасындағы қатынасты анықтау үшін қолданылады. Сондықтан 
диаграммаларды əдетте амплитудалық емес, ағымдағы мəндер үшін 
салады. Бұл векторлар ұзындығының 
√2 
есе рет азаюына себеп 
болады. 
Векторлық диаграммалар айнымалы тоқтың электр тізбектерін 
талдау кезінде кеңінен қолданылады. 


27 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет