Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


ПАРАЛЛЕЛЬ ТЕРБЕЛМЕЛІ КОНТУР. ТОҚТАР



Pdf көрінісі
бет25/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

ПАРАЛЛЕЛЬ ТЕРБЕЛМЕЛІ КОНТУР. ТОҚТАР 
РЕЗОНАНСЫ 
Параллель тербелмелі контурды қарастырамыз, оның ең 
қарапайым түрі индуктивті катушка мен конденсатордың параллель 
жалғануы болып табылады (2.17-сурет). 
Тоқтар резонансы 
деп тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі тоқ 
фаза бойынша кернеумен сəйкес келетін (φ = 0), ал желіден 
тұтынатын қуаты контурдың белсенді қуатына тең болатын 
параллель тербелмелі контурдың режимін айтады. Резонанс кезінде 
реактивті қуат желіден алынбайды. Тоқтар резонансы кезіндегі 
тізбектің векторлық диаграммасы 2.18-суретте келтірілген. 
Индуктивтік тармақтағы кедергі 

катушканың белсенді 
кедергісіндегі жылу шығындарымен түсіндіріледі. Сыйымдылықты 
тармақтағы шығындарды ескермеуге болады. 
Тоқтар резонансы шартын анықтаймыз. Анықтамаға сəйкес тоқ 
фаза бойынша кернеуге U сəйкес келеді. Яғни контурдың 
өткізгіштігі таза белсенді болу керек, ал реактивті өтімділік нөлге 
тең болуы керек. 
Тоқтар резонансы белгілерін анықтаймыз: 

контурдың кедергісі Z
K
максималды жəне таза белсенді

тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі тоқ фаза бойынша 
қайнаркөздің кернеуімен сəйкес келеді жəне айтарлықтай 
минималды мəніне жетеді. 
2.17
-сурет. 
Параллель тербелмелі контурдың схемасы


40 
2.18
-сурет. 
Тоқтар резонансы кезіндегі тізбектің векторлық 
диаграммасы:
Lp 
— индуктивті тармақ тоғының реактивті құраушысы; L — 
индуктивті тармақ тоғының белсенді құраушысы 

катушкадағы тоқтың реактивті құраушысы сыйымдылықты тоққа 
тең, жəне де бұл тоқтар қайнар көздің тоғынан бірнеше есе артық 
болуы мүмкін. 
Физикалық тұрғыдан бұл контурдағы шығындар аз болғанда (R 
кіші болғанда) қайнар көздің тоғы тек осы шығындардың орнын 
толтыру үшін ғана қажет етіледі. Контурдағы тоқ катушкалар мен 
конденсатор арасындағы энергия алмасуымен түсіндіріледі. 
Идеалды жағдайда (шығынсыз контур) қайнар көздің тоғы жоқ. 
Осылайша тоқтар резонансы ф = 0, яғни cos φ = 1 болғанда
белсенді қуат 
Р 
толық қуатқа тең: 
Р = UI
cosφ = 
UI = S.
Тоқтар 
резонансы кезінде реактивті қуат 

нөлге тең. 
Осылайша, тоқтар резонансы кезінде тізбек желіден реактивті 
қуатты 
қажет 
етпейді. 
Параллель 
контурда 
байқалатын 
энергетикалық процестер бұл жағдайда кернеулер резонансы
кезінде өтетін процестерге ұқсас. Тербелмелі контурда тізбектің 
сыйымдылықты жəне индуктивті элементтері арасында үздіксіз 
өзара энергия алмасу жүреді, ал желі контурдың белсенді 
кедергілерінде жоғалтатын энергияны ғана толтырады. 
Егер параллель тербелмелі контур тек 

жəне С тұрса, онда тоқ 
резонансы кезіндегі оның кіріс кедергісі шексіз үлкен болар еді 
жəне желідегі тоқ контурға түспейтін еді. Бұл жағдайда қосылатын 
кезде контурға хабарланған энергия шығындалмай, жүйелі түрде 
магнит өрісінен электр өрісіне (жəне кері қарай), яғни тізбектің 
индуктивті жəне сыйымдылық элементтері арасында ауысып 
жүретін еді, жəне де бұл тербелістер шексіз уақыт жалғасатын еді. 
Тоқтар резонансы құбылысы кернеулер резонансы құбылысына 
қарағанда əлдеқайда күрделі жəне алуан түрлі. 
Тоқтар резонансы құбылысы жолақты сүзгілерде белгілі бір 
жиілікті бөгеп тұратын электр «тығын» ретінде, сондай-ақ нақты 
радиостанцияның сигналын шығару үшін радиоқабылдағыштарда 
қолданылады. 


41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет