44
3
тарау
ҮШ ФАЗАЛЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕРІ
3.1.
НЕГІЗГІ АНЫҚТАМАЛАР. ҮШ ФАЗАЛЫ ЭҚК
ЖҮЙЕСІ
Үш фазалы жүйелер қазіргі уақытта кеңінен таралған. Үш
фазалы тоқта барлық ірі электр станциялары мен тұтынушылар
жұмыс істейді. Ол үш фазалы тізбектердің бір фазалылар
алдындағы бір қатар
артықшылықтарына байланысты, олардың
арасындағы маңыздылары:
Электр энергиясын үлкен қашықтықтарға берудің үнемділігі;
Жылжымайтын орамдар арқылы синхронды жəне асинхронды
қозғалтқыштар, сондай-ақ, бірқатар басқа электротехникалық
құрылғылар жұмысы негізделетін айналмалы магниттік өрісті алу
мүмкіндігі;
Симметриялы үш фазалы жүйелердің біркелкілігі.
Ең сенімді жəне үнемді, өнеркəсіптік электрлі жетек
талаптарын қанағаттандыратын - қысқа
тұйықталған роторы бар
асинхронды қозғалтқыш.
Үш фазалы тізбектерді əзірлеу дамып келе жатқан өндіріс
талаптарымен негізделді, ал көп фазалы жүйелер дамуының
табысына физикада электрлі жəне магниттік құбылыстардың
ашылуы септігін тигізді.
XIX ғасырдың 80 жылдары екі маңызды ғылыми-техникалық
міндетті шешу қажет болды: энергияны
алыс қашықтықтарға
берудің үнемділігі жəне өнеркəсіптік өндіріс талаптарын
қанағаттандыратын сенімді электрлі қозғалтқыш жасау.
Көп фазалы жүйелер жасаудың маңызды алғышарты 1888 ж.
айналмалы магниттік өріс құбылысын ашу болды. Бірінші электрлі
қозғалтқыштар екі фазалы болды. Олардың жұмыс сипаттамалары
нашар болған. Ең оңтайлы үш фазалық жүйе болды. Үш
фазалы
жүйелерді əзірлеуге əр түрлі елдердің ғалымдары мен инженерлері
үлес қосты: Н. Тесла, М. Депре, Ч. Бредли, М. О.
Доливо-
Добровольский. Ең үлкен еңбекті атақты орыс электротехнигі
45
М.О.Доливо-Добровольский сіңірді, ол еңбегіне тəжірибелік сипат
беріп, үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар, трансформаторлар
жасады. Төрт сымды, үш сымды тізбекті əзірледі жəне үш фазалы
жүйелердің негізін қалаушы болып есептеледі.
Үш фазалы электр тізбектері көп фазалы тізбектердің жеке
жағдайы болып табылады.
Электр тізбектерінің көп фазалы жүйесі
əрбіреуінде ортақ энергия көзімен тудырылатын жəне бір біріне
қатысты фаза бойынша бір бұрышқа жылжытылған бір жиілікті
синусоидты ЭҚК əрекет ететін бір фазалық электр тізбектерінің
жиынтығы болып табылады. "Фаза" терминін мерзімді үдеріс
кезеңін сипаттайтын бұрышты белгілеу, сонымен қатар, көп фазалы
тізбекке кіретін бір фазалы тізбекті белгілеу үшін қолданады.
Әдетте ЭҚК амплитудалық мəндері бірдей, ал фазалар бір
біріне қатысты 2π/m бір бұрышқа
жылжытылған симметриялы көп
фазалы жүйелер қолданылады, мұндағы
M
—
фазалар саны
.
Электротехникада жиі екі, үш жəне алты фазалы тізбектер
пайдаланылады. Солайша, автоматикада жəне электр өлшеуіш
техникада екі фазалы тізбектер, электротехникада үш фазалы
жүйелер кеңінен таралған.
Үш фазалы тізбектер
- бір біріне қатысты фаза бойынша 2π/3
бұрышқа жылжытылған, бір жиілікті синусоидты ЭҚК əрекет ететін
үш бір фазалы тізбектер жинағы.
Электр энергиясын алыс
қашықтықтарға үш фазалы тізбектер арқылы беру бір фазалы
тізбектермен берумен салыстырғанда тиімдірек. Одан басқа, үш
фазалы синхронды генераторлар мен қозғалтқыштар, үш фазалы
асинхронды қозғалтқыштар мен трансформаторлар өндірісте
қарапайым, үнемді жəне пайдалануда сенімді. Үш фазалы жүйелерде
тоғы бар өткізгіштерге əсері асинхронды жəне
синхронды электрі
қозғалтқыштар жұмысы қағидасының негізіне салынған айналмалы
магниттік өріс алу жеңіл болып табылады.
Үш фазалы тізбектегі электр энергиясының көзі бір біріне
қатысты құрылымдық тұрғыдан 2π/3 бұрышына жылжытылған жəне
фазалар деп аталатын үш орамында үш ЭҚК ықпалдандырылады,
олар өз кезегінде, бір біріне қатысты 2π/3 бұрышына жылжытылған.