58
4
тарау
ЭЛЕКТР ӨЛШЕУЛЕР МЕН АСПАПТАР
4.1
ЭЛЕКТР ӨЛШЕУЛЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Кез келген білім саласында өлшеулердің мəні ерекше, бірақ
олар электротехникада əсіресе маңызды.
Механикалық, жылу жəне жарық құбылыстарын адам сезім
мүшелері арқылы қабылдайды жəне заттардың көлемін, олардың
қозғалу жылдамдықтарын, жарық денелердің жарықтығын шамалап
бағалай алады.
Бірақ біз тоғы 10 мА немесе 1 А тең (яғни 100 есе артық)
өткізгішке бірдей жауап қайтарамыз.
Біз
өткізгіш пішінін, оның түсін көреміз, алайда біздің сезу
мүшелеріміз тоқ күшін бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ біз
катушка тудыратын магниттік өріс əсерін, конденсатор қоршаулары
арасындағы электрлі өрісті сезбейміз. Медицина адам ағзасына
электрлі жəне магниттік өрістердің белгілі əсерін анықтады, алайда,
бұл əсерді біз сезбейміз жəне электромагниттік өріс шамасын
бағалай алмаймыз.
Ерекшелікті тек өте қатты өрістер құрайды. Мұнда да жоғары
вольтті тарату жолының жанында серуендеу кезінде сезінетін
жағымсыз шаншу бізге желідегі электр
кернеуінің шамасын жуық
болсын бағалауға мүмкіндік бермейді.
Осының барлығы физиктер мен инженерлерді зерттеудің жəне
электр энергиясын қолданудың бірінші қадамдарынан бастап Электр
күшін өлшеу аспаптарын пайдалануға мəжбүрледі.
Электр жəне магниттік шамаларды өлшеу үшін Электрлі
өлшеу аспаптары қызмет етеді: вольтметрлер, гальванометрлер
жəне басқалар,
сонымен бірге, олардың қисындасулары. Өлшеу
үдерісі анықталатын физикалық шаманы оның бірлік ретінде
қабылданған мəнімен салыстыруда.
Бір шаманы өлшеуді онымен байланысты басқа шаманы
өлшеумен алмастыруға болады. Әдетте, кез келген өлшеу соңында
нұсқардың немесе жарық дағының
шкала бойынша қозғалуын
анықтауға тіреледі.
59
Өлшеу аппаратурасы құралдарға жəне эталондарға бөлінеді.
Өлшеу аспаптары жоғары дəлділікке жəне сенімділікке,
мəліметтерді алу мен оларды алыс қашықтыққа жіберу үдерісін
автоматтандыру мүмкіндігіне, нəтижелерді электрлі есептеу
құрылғыларына енгізудің қарапайымдылығына жəне т.б. ие.
Сондықтан олар өнеркəсіптік қондырғылар мен технологиялық
үдерістер параметрлерін қолмен немесе автоматты бақылау жəне
белгіленген деңгейде сақтау жүйелерінде кеңінен пайдаланылады.
Өлшеу құрылғыларының көмегімен шығарылатын өнім
сапасы
мен саны, оның сипаттамаларының белгіленген нормаларға
сəйкес келуі бақыланады. Ылғалдылықтың, температураның,
қысымның жəне т.б. электрлі өлшеуіштері əзірленген жəне
қолданылады.
Электр өлшеулері ғылыми зерттеулерде жоғары дəрежелі
маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: