Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫН ЖІКТЕУ



Pdf көрінісі
бет37/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

4.3. 
ЭЛЕКТРЛІ ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫН ЖІКТЕУ 
 
Өлшеу – физикалық шама мəнін тəжірибелік жолмен арнайы 
техникалық құралдар арқылы табу. 
Бақылаушының тікелей қабылдауына қолжетімді үлгіде, 
өлшенетін физикалық шамалармен функционалдық байланысты 
өлшеу ақпаратының сигналдарын шығаруға арналған электрлі 
өлшеудің техникалық аспаптары электрлі өлшеу аспаптары деп 
аталады. 
Барлық құралдар əр түрлі белгілер бойынша жіктеледі: 
1.
Өлшенетін шама түрі бойынша, мұнда жіктеу өлшенетін 
шама бірлігінің атауы бойынша жасалады. Аспап шкаласына оның 
толық атауы немесе өлшенетін шама бірлігінің бастапқы латын əрпі 
жазылады, мысалы: амперметр — 
А, 
вольтметр — V, ваттметр — 

жəне т.б. 
2.
Құралдың өлшеу механизмінің əрекет етуінің физикалық 
қағидасы бойынша. Мұндай жіктеу электрлі шаманы құралдың 
жылжымалы бөлігінің механикалық əрекетіне түрлендіру тəсілімен 
анықталады. 
Бір қатар құралдарда əдеттегі өлшеу механизмімен жинақта 
түрлендіруші құрылғылар пайдаланылады. Мысалы, ауыспалы
тоқты магнитті-электрлі аспаппен өлшеу үшін, жартылай өткізгіш 
элементі бар түзеткішті пайдаланады. 
3.
Тоқ түрі бойынша. Бұл жіктеу нақты құралды қандай тоқ 
тізбектерінде қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. 
Оны шкаладағы шартты белгілермен белгілейді. 
Ауыспалы тоқ аспаптарында олар қолданылатын жиіліктің 
номинал мəнін немесе жиіліктер диапазонын көрсетеді, мысалы: 
20.50.120 Гц; бұл ретте асты сызылған мəн осы аспап үшін номинал 
болып табылады. 
Егер құралда жұмыс жиілігінің диапазоны көрсетілмесе, ол 50 


62 
Гц жиілікті қондырғыларда жұмыс істеуге арналған. 
4.
Дəлділік класы бойынша. Құралдың дəлділік класы 
пайызбен берілген, рұқсат етілген келтірілген дəлсіздікке тең санмен 
белгілейді. Келесідей дəлділік класындағы құралдар шығарылады: 
0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4,0. Белсенді энергия есептегіштері 
үшін дəлділік кластарының шкаласы өзге: 0,5; 1,0; 2,0; 2,5. Дəлділік 
класын білдіретін сан аспап шкаласында көрсетіледі. 
Құралдың дəлділік класы оның құрылымымен, жасау 
технологиясымен негізделген негізгі дəлсіздікті анықтайды жəне 
пайдаланудың қалыпты жағдайларында (температура, ылғалдылық, 
сыртқы электрлі жəне магниттік өрістер мен дірілдік болмауы, 
дұрыс орнату жəне т.б.) болады. 
5.
Есептеу құрылғысының түрі бойынша. Құралдың есептеу 
құрылғысы шкаладан жəне көрсеткіштен тұрады. Шкалалар 
өлшенетін шама бірліктеріне бөлінген (бір диапазонды құралдарда 
қолданылады), немесе 75, 100 немесе 150 бөлінуі бар шартты (көп 
диапазонды құралдарда қолданылады) болуы мүмкін. 
Көрсеткіш ретінде нұсқар немесе сызығы бар жарық дағы 
пайдаланылады. Бақылаушы көзінің шкала мен нұсқарға қатысты 
дұрыс емес күйде болуына байланысты параллаксқа жол бермеу 
үшін, шкаланы айнамен толықтырады. Өлшеу кезінде нұсқардың 
айнадағы кескінімен сəйкес келетіндей күйіне қол жеткізу қажет. 
Мұндай шкаланы дəлділік класы 1,0 төмен емес тасымалды 
құралдарда қолданады. 
6.
Есептеу жүйесі бойынша. Көрсеткіштері өлшенетін 
шамалардың өзгеруінің үздіксіз функциялары болып табылатын 
электрлі өлшеу аспаптары аналогтық деп аталады. Өлшеу 
ақпаратының дискреттік сигналдарын автоматты шығаратын, 
көрсеткіштері сандық үлгіде ұсынылған өлшеу аспаптары цифрлық 
деп аталады. 
7.
Көрсеткіштерді алу тəсілі бойынша. Егер электрлі өлшеу 
құралы тек көрсеткіштерді оқуға ғана мүмкіндік берсе, оны 
көрсетуші деп, ал егер оқуға да, тіркеуге де (немесе тек тіркеуге) 
мүмкіндік берсе, оны тіркеуші деп атайды. Егер аспап 
көрсеткіштерін дигарамма түрінде жазуға болса, оны өздігінен 
жазатын деп атайды. 
Жиі өзгерілетін шама мəндері уақыт немесе басқа тəуелсіз 
тұрақсыз шама бойынша қосындыланатын біріктіруші құралдар 
қолданылады. Біріктіруші құралдардың арасында барлығына электр 
энергиясын есептегіш таныс. 


63 
8.
Бағалау дəрежесі бойынша. Электрлі өлшеу аспаптары өлшеу 
механизмінің қозғалмалы бөлігі өлшенетін шама мəніне жауап қайтаратын 
тікелей бағалау аспаптарына жəне өлшенетін шама мəні белгілі шамамен 
салыстырылатын 
салыстыру 
аспаптарына 
бөлінеді. 
Салыстыру 
аспаптарының мысалы – өлшегіш белдеме жəне потенциометрлер.
9.
Орнату тəсілі бойынша. Электрлі өлшеу аспаптары құралдар 
қалқандарында жəне басқару тетіктерінде монтаждауға арналған қалқандық 
жəне тасымалды болып бөлінеді. 
10.
Өлшеу кезіндегі күйі бойынша. Электрлі өлшеу аспаптары 
тігінен, көлденеңінен орналастырады немесе белгілі бұрышпен орнатады. 
11.
Пайдалану жағдайларына байланысты орындалуы бойынша. 
Аспап класы жұмыс температуралары мен салыстырмалы ылғалдылық 
диапазоны бойынша бес топпен анықталады. Шекті мəндер құралдарды 
сақтау мен тасымалдау жағдайларын анықтайды. 
4.1-кесте. Электрлі өлшеу құралына салынатын шартты белгілер 
1,5 
Дəлдік класы 1,5 
– 
Тұрақты тоқ 

Айнымалы (бір фазалы) тоқ 
Тұрақты жəне айнымалы тоқтар 
Үш фазалы тоқ 
Магнитті-электрлі жүйе құралы 
Электромагниттік жүйенің аспабы 
Электродинамикалық жүйенің аспабы 
Индукциялық жүйенің аспабы 
Аспап көлденең; тігінен; 60° бұрышпен орнатылады 
Аспап оқшаулауы 2 кВ кернеуде сыналған 
А 
Жабық жылытылатын жайлар үшін 
Б 
Жабық жылытылмайтын жайлар үшін 
В 
Далалық жағдайлар үшін 


64 
12.
Механикалық əсерлерге төзімділік бойынша аспаптар 
шайқау немесе діріл кезінде ең кқп үдеу мəніне байланысты
топтарға бөлінеді (м/с
2
): беріктігі жоғары қарапайым, дірілге 
сезімтал емес, дірілге берік, шайқауға сезімтал емес, шайқауға берік 
жəне соққыға берік.
13.
Сыртқы магниттік жəне электрлі өрістерден қорғау 
дəрежесі бойынша аспаптар 1 жəне 2 санатқа бөлінеді. Сыртқы 
өрістер əсерінен аспаптарды өлшеу механизмінің экрандауы 
қорғайды. 
Электр өлшеу аспабының шкаласына шартты белгілер 
салынады (4.1-кестесі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет