Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  КЕРНЕУЛЕРДІ, ТОҚТАРДЫ ЖӘНЕ ҚУАТТЫ



Pdf көрінісі
бет39/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

4.5. 
КЕРНЕУЛЕРДІ, ТОҚТАРДЫ ЖӘНЕ ҚУАТТЫ 
ӨЛШЕУ 
 
Электрлі өлшеу аспаптарын электр тізбегіне енгізу оның 
параметрлерін өзгертпеуі тиіс. Алайда, ол мүмкін емес, себебі кез 
келген өлшеу аспабы өлшеу механизмін əрекетке келтіруге,
сонымен қатар, орамдар мен құралдың басқа тоқ өткізгіш 
бөлшектерін қыздыруға шығындалатын энергияны тұтынады. 
Тұрақты тоқ тізбектерінде тоқ пен кернеуді өлшеу үшін жиі 
магнитті-электрлі жүйе аспаптарын, сирек – электромагниттік жəне 
электродинамикалық жүйе аспаптарын қолданады. Қуат пен 
энергияны өлшеу үшін көбінесе электродинамикалық аспаптар 
пайдаланылады. 
Тоқты өлшеу үшін амперметрді тізбекке ретті қосады (4.1, а 
сур.). Ол тізбек параметрлеріне азырақ əсер етуі үшін, кедергісі аз 
болуы тиіс. 10 А артық тоқтарды өлшеу кезінде кернеу түсуі 75 мВ 
құрайтын жəне амперметрге калибрленген сымдармен жалғанатын 
сыртқы шунты бар аспаптар пайдаланылады. 
4.1
 
-сурет. 
Өлшеу аспаптарын қосу схемалары: 
а – амперметр; б – вольтметр 


67 
Тізбектің 
қандай 
да 
бір 
аумағындағы кернеуді өлшеу үшін 
вольтметрді осы аумаққа параллель 
қосады (4.1, б сур.). Тізбек параметрлері 
айтарлықтай 
өзгермеуі 
жəне 
тоқ 
тарамдалмаған бөлігінде артпауы үшін, 
вольметр кедергісі үлкен болуы тиіс. 
Вольметр кедергісі неғұрлым көп болса
құрал соғұрлым жақсы. Өлшеу шектерін 
кеңейту үшін вольметрмен ретті түрде 
қосымша резисторды қосады. 
4.2
 
-сурет. 
Ваттметр қосу 
схемасы 
Тұрақты жəне бір фазалы ауыспалы тоқ тізбектеріндегі қуатты 
өлшеу 
үшін 
электродинамикалық 
жүйенің 
ваттметрлерін 
пайдаланады. Электродинамикалық жүйенің ваттметрін қосу 
схемасы 4.2 суретінде ұсынылған. Ваттметрдің жылжымайтын 
(амперметрлік) орамын тізбекке ретті түрде, жылжымайтын орамын 
(вольтметрлік) – тұтынушыға параллель қосады. Осыған сəйкес 
ваттметрдің беткі бөлігіне екеуі I белгісімен (тоқ қысқыштары), 
басқа екеуі – U белгісімен (кернеу қысқыштары) белгіленген төрт 
қысқыш шығарылған. Екі қысқыш нүктемен белгіленген жəне 
генераторлық деп аталады. 
Мұндай схеманы алу үшін генераторлық қысқыштарды 
біріктіру жəне бір сымға қосу қажет. Генератор қысқыштары орам 
бастары болып табылады. Ваттметрді дұрыс қосу жағдайында 
нұсқар оң жаққа ауытқитын болады. Нұсқар ауытқуының бағытын 
өзгерту үшін, ваттметр орамдарының кез келгеніндегі тоқ бағытын 
өзгерту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет