Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ЭНЕРГИЯНЫ ӨЛШЕУ. ЭЛЕКТР ЕСЕПТЕГІШІ



Pdf көрінісі
бет41/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

4.7. 
ЭНЕРГИЯНЫ ӨЛШЕУ. ЭЛЕКТР ЕСЕПТЕГІШІ 
Электр есептегіші - ең кең таралған электр өлшеу құралы. Ол 
əрбір пəтерде, барлық мекемелерде, зауыттар мен фабрикаларда, 
яғни, барлық электр энергиясының тұтынушыларында орнатылған. 
Құрылымы бойынша есептегіш асинхронды қозғалтқышқа ұқсайды, 
алайда, есептегіштің магнитті өрісі айналмайды, түзу қозғалады – 
бұл «жүгірмелі» магнитті өріс. 
Есептегіш тұтынушы тізбектен алатын энергияны есепке алуы 
тиіс болғандықтан, қандай да бір уақыт аралығындағы оның 
айналымдарының саны осы энергияға пропорционалды болуы тиіс, 
яғни, біз есептегіште оқитын көрсеткіштер, есептегіш жасаған 
айналымдар саны немесе осы санға пропорционалды шама болып 
табылады. 


70 
4.4
 
-сурет. 
Индукциялық механизм:

— тұрақты магнит; 
2, 3 
— магниттік 
сымдар; 
4
— алюминий дискі 
Солайша, қозғалтқыштың айналдыру кезі тұтынушының 
қуатына пропорционалды болуы тиіс, сондықтан есептегіштің 
айналмалы өрісі біреуі тұтынушының кернеуіне, басқасы – оның 
тоғына пропорционалды екі магнитті ағынмен жасалады. Ол үшін 
орамдардың 
бірі 
тікелей 
желіге 
қосылады, 
басқасымен 
тұтынушының тоғы өткізіледі. 
Индукциялық механизм (4.4 сур.) орамдары бар 2 жəне 3 
жылжымайтын магнитті сымнан жəне оське бекітілген 4 
жылжымалы алюминий дисктен тұрады. 
1

жəне 1

синусоидалық 
тоқтарымен жасалатын Ф

жəне Ф

магнитті ағындары кеңістікте 
жылжытылған. Бұл жағдайларда дискте жүгірмелі магнитті өріс 
түзіледі, оның əсерімен диск айналымға келеді. Есептегіштің 
маңызды бөлшегі – өрісінде диск айналатын 1 тұрақты магнит
болып табылады. Магнит тежегіш кезін тудыру үшін қызмет етеді. 
Диск тұрақы магнит өрісіне қатысты айналатындықтан, онда 
шамасы диск жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп 
болатын тоқ ықпалдандырылады. Бұл тоқ əрқашан дискті тежеуге 
ұмтылатындай бағытталған. Нəтижесінде айналдыру кезі (ол 
тұтынушының қуатына пропорционалды) мен тежегіш кез (ол диск 
жылдамдығына пропорционалды) арасында тепе-теңдік орнайды. 
Демек, тұтынушы алатын қуат пен диск жылдамдығы арасында 
тікелей тəуелділік пайда болады. 
Энергия қуатты уақытқа көбейтуге тең. Дəл солай диск 
жасаған айналымдар саны бұрыштық жылдамдықты уақытқа 
көбейтуге тең. Демек, есептегіш жасаған айналымдар саны 
тұтынушы алатын энергияға тура пропорционалды. Сондықтан 
энергия есептегіштерінде айналмалы диск – велосипедтерде 
жүрілген жолды есепке алу үшін қойылатындарға ұқсас есептеу 


71 
механизміне байланысты. Бұл есептеу механизмінің сандарын біз 
есептегіш терезесінен көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет