Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет5/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

1.3.
ЭЛЕКТР КЕДЕРГІСІ 
 
Энергия көзі бар тұйықталған электр тізбегінде бос 
электрондардың бағытталған қозғалысы немесе электр тоғы 
туындайды. Бос электрондардың ағыны өткізгіштің атомдарымен 
немесе молекулаларымен соқтығысады. 
Соқтығысқан кезде электрондардың кинетикалық энергиясы 
металдардың кристалл торына беріледі. Өткізгіш қызады, яғни 
электр энергиясының жылуға түрленуі жүреді. Осылайша, өткізгіш 
электр тоғына қарсы əсер етеді. Ол өткізгіштің электр кедергісін 
сипаттайды. 



СИ жүйесінде электр кедергісінің бірлігі ретінде Ом 
қабылданды. Электр кедергісінің үлкендеу бірліктері килоом (1
кОм = 10

Ом) жəне мегаом (1 МОм = 10

Ом) болып табылады. 
Өткізгіштің 20 °С температура кезіндегі 

кедергісі келесі 
формула бойынша анықталады: 

R = ρ 

мұндағы ρ— материалдың меншікті кедергісі, Ом • мм
2
/м; 

— 
өткізгіштің ұзындығы, м; 

— көлденең қима ауданы, мм
2

Электр кедергісі өткізгіштің материалына, ұзындығына
көлденең қимасына жəне температурасына байланысты. Жалғағыш 
сымдардың, қабылдағыштардың жəне электр энергиясы көздерінің 
электр кедергісі бар. 
Электр тізбектерін есептеу кезінде кейде кедергіні емес
кедергіге қарсы шамамен, яғни электр өтімділікпен пайдаланған 
ыңғайлы: 
g = 
1/R. 
Электр өтімділігінің бірлігі - сименс (См) болып табылады. 
Электр тізбектерінде 
резисторлар 
— кедергісі бар жəне тоқты 
шектеу немесе реттеу үшін электр тізбегіне қосылатын құрылғылар 
кеңінен қолданылады. Резисторлар реттелетін, реттелмейтін, сымды 
жəне сымсыз болады. 
1.4.
ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет