87
қысқыштарында
U
1
кернеуіне тең емес
U
2
кернеуі пайда болады.
Осы тəжірибенің негізінде өлшеу аспаптарының көрсеткіштері
бойынша трансформация коэффициентін жəне трансформатордың
магнит өткізгішіндегі жоғалтулар қуатын анықтайды. Бос жүріс
тəжірибесі дайын трансформаторды
зауыттық сынау кезінде екі
міндетті бақылау тəжірибесінің бірі болып табылады.
Трансформатордың қысқа тұйықталу режимі (5.2, в сур.) деп
қосымша орамның сыртқа шығарулары тоқ өткізгішпен нөлге тең
(
Z
H
= 0) кедергімен тұйықталған режим аталады. Пайдалану
жағдайларындағы трансформатордың қысқа тұйықталуы апарттық
режим тудырады,
себебі қосымша тоқ, демек, бастапқы да
номиналмен салыстырғанда бірнеше ондаған есе артады. Сондықтан
трансформаторлары бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде
автоматты
түрде
трансформаторды
сөндіретін
қорғау
қарастырылады.
Зертханалық жағдайларда қосымша орам қысқыштары қысқа
тұйықталатын, ал бастапқы орамға бастапқы орамдағы тоқ номинал
мəннен аспайтын (
I
<
I
1ном
) U кернеуін келтіретін, трансформатордың
қысқа снақ тұйықталуын өткізуге болады. Бұл ретте пайызбен
белгіленген
I
=
I
1ном
болатын
U
кернеуді U
к
.
з
деп белгілейді жəне
трансформатордың қысқа тұйықталуының кернеуі деп атайды.
Трансформатордың
бұл
сипаты
төлқұжатта
көрсетіледі.
Трансформатордың қысқа тұйықталуының
кернеуі трансформатор
орамдарының жоғары кернеуіне байланысты.
Мұндай
тəжірибе
трансформаторлардың
маңызды
параметрлерін: сымдардағы жоғалтулар қуатын, кернеудің ішкі
түсуін жəне т.б. анықтау үшін қызмет етеді. Қысқа тұйықталу
тəжірибесі, бос жүріс тəжірибесіндей, зауыттық сынаулар кезінде
міндетті болып табылады.
Трансформаторлары бар электр тізбектерін
есептеу бастапқы
жəне қосымша орам тізбектерінің электр байланысы болмауымен
шиеленіседі. Мұндай байланысты трансформатор параметрлерін екі
орамдағы негізгі магнитті орам ЭҚК бірдей болатындай етіп
түрлендірген жағдайда тудыруға болады. Бұл жағдайда оларды
тізбектің бір ортақ элементі ретінде ұсынуға болады.