Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет88/179
Дата24.12.2022
өлшемі5,26 Mb.
#164281
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

10.2.
 
ЭЛЕКТР ЖЕТЕКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС 
РЕЖИМДЕРІ 
 
Жұмыстың ұзақтығы жəне оның сипаты жетектің жұмыс 
режимін анықтайды. Электр жетегі жұмыс істегенде, үш негізгі 
режим қолданылады: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, қайталама 
қысқа мерзімді. 
Ұзақ мерзімді режим 
— бұл электр жетегінің барлық 
құрылғыларының температурасы белгіленген мəнге жететін 
ұзақтылығы бар электр жетегінің жұмыс режимі (10.2, а-сурет). 
Ұзақ жұмыс режимі бар механизмдердің мысалдары ретінде 
сорап станцияларының центрден тепкіш сорғылары, желдеткіштер, 
компрессорлар, үздіксіз көліктік конвейерлер, маталарды өңдеуге 
арналған машиналар жəне т.б. атауға болады. 
Электр жетегінің 
қысқа мерзімді жұмыс режимінде 
(10.2, 
б

сурет) жұмыс периоды салыстырмалы қысқа жəне қозғалтқыштың 
температурасы белгіленген мəнге жетіп үлгермейді. 


150 
10.2
 
-сурет. 
Электр жетегінің жұмыс режимдері: 
а 
— ұзақ мерзімді; 
б 
— қысқа мерзімді; 
в 
— қайталама қысқа мерзімді 
Атқарушы механизмнің жұмысындағы үзіліс қозғалтқыштың қоршаған 
орта температурасына дейін салқындап үлгеретіндей айтарлықтай үлкен. 
Осындай режим қысқа мерзімді əрекет ететін əртүрлі механизмдер үшін 
тəн: шлюздер, ажыратылмалы көпірлер, ұшақтардың көтергіш шассиі жəне 
көптеген басқалары. 
Электр жетегінің 
қайталама қысқа мерзімді жұмыс режимінде 
(10.2, 
В
-
СУРЕТ
) жұмыс периодтары үзілістермен кезектеседі (тоқтау немесе бос 
жүріс), 
жəне 
де 
периодтардың 
ешқайсысында 
қозғалтқыштың 
температурасы белгіленген мəнге жетпейді, ал жүктемені алып тастаған 
кезде қозғалтқыш қоршаған орта температурасына дейін салқындап 
үлгермейді. Қайталама қысқа мерзімді жұмыс режимі кезіндегі цикл 
уақыты 10 мин аспау керек. Қозғалтқышты құрастыру кезінде жылулық 
режим осы уақытқа есептеледі. 
Қайталам қысқа мерзімді режимге тəн шама периодтың Tp жұмыс 
бөлігінің барлық периодқа T қатынасы болып табылады. Бұл шама 
салыстырмалы жұмыс ұзақтығы (ЖҰ) немесе салыстырмалы қосылу 
ұзақтығы (ҚҰ) деп аталады жəне пайызбен анықталады: 
ПВ 

Ò
ð 
Ò
ð

Ò
ï 
100, 
мұндағы Т
р
— жұмыс уақыты; Т
п 
— үзіліс уақыты. 
Қайталама қысқа мерзімді жұмыс режимі үшін ҚҰ 15, 25, 40 жəне 60% 
арнайы есептелген қозғалтқыштарды таңдайды. 
Қайталама қысқа мерзімді жұмыс режимі бар механизмдердің 
мысалдары 
ретінде 
көтергіш 
крандар, 
жүкарбалар, 
бірқатар 
металлургиялық станоктар, илемдік орнақтар, мұнай өнеркəсібіндегі 
бұрғылау станоктары жəне т.б. қарастыруға болады. 
Электр жетектің жұмыс режимдерінің негізгі түрлеріне байланысты 
электр қозғалтқыштың номиналды қуаты анықталады. 


151 
Қайталама қысқа мерзімді режимде оны қыздыру жəне салқындату 
шарттары ұзақ мерзімді режимдегі жұмыс шарттарынан 
айтарлықтай 
ерекшеленеді. 
Мысалы, 
қозғалтқыштың 
қозу 
орамдарын салқындату шарттары қозғалтқыш тоқтаған кезде де 
өзгеріссіз болып қалады, ал қозғалтқыш тоқтаған кезде зəкірдің 
салқындау шарттары қатты нашарлайды. 
Осы себепті, салқындау шарттары өзгеріссіз ұзақ мерзімді 
режим үшін тұрақты тоқ қозғалтқышы қайталама қысқа мерзімді 
режимде пайдалану ұтымсыз болады; зікірдің жəне коллектордың 
орамының рұқсат етілген шекті қыздыруы кезінде қозу орамы 
рұқсат етілген температурадан айтарлықтай аз қызады. 
Яғни қайталама қысқа мерзімді режим үшін арнайы типті 
қозғалтқыштар шығару дұрыс. Осыны басшылыққа ала отырып
электр өнеркəсібі үш түрлі номиналды режимге арналған кранды 
электр қозғалтқыштарын шығарады: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, 
қайталама қысқа мерзімді. Сəйкес нұсқама электр қозғалтқыштың 
тақтайшасына жазылады. Оның номиналды қуаты деп оның 
номиналды режиміне, яғни нақты қосылу ұзақтығы кезінде ұзақ 
мерзімді, қысқа мерзімді немесе қайталама қысқа мерзімді сай 
келетін уақыт бойы біліктегі пайдалы механикалық қуатты айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет