143
қысқа тұйықталған ротордың орамына
ұқсатып жасалған қысқа
тұйықталған іске қосу орамының өзектерін орналастырады. Әдетте
осы орамның өзектерін жезден, мыстан жасайды жəне екі жағынан
мыс сақиналармен тұйықтайды.
Синхронды қозғалтқышты іске қосу үшін қозу орамын ҚО
резисторға
R
тұйықтайды (9.3-сурет), статор орамының үш фазалы
желісіне қосады. Статордың айналмалы өрісі іске қосу орамының
өзектерінде ЭҚК индукциялайды жəне
осы өзектерде тоқ
туындайды. Осындай тоқтардың статордың айналмалы өрісімен
өзара
əрекеттесу
нəтижесінде
ротордың
əрбір
өзегіне
электромагниттік күш Р
эм
əсер етеді. Осындай күштердің жиынтығы
роторда асинхронды момент М
а
түзеді, оның əсерінен ротор статор
өрісімен бағыттас айнала бастайды. Роторды синхронды айналу
жиілігіне жақын жиілікпен айналдырған соң қозу орамын ҚО
тұрақты тоқ көзіне жалғайды. Қозғалтқыш қозады (ротордың
полюстері магниттеледі), статор
өрісі мен ротор полюстері
арасында тұрақты магнит байланысы туындайды, ол синхронды
электромагниттік байланыс түзеді жəне қозғалтқыш синхронизмге
тартыла
бастайды, яғни ротор айналып жатқан магнит өрісімен
бірге синхронды айнала бастайды. Бұл ретте ротордың іске қосу
орамында ЭҚК түзілмейді, сондықтан асинхронды момент М
а
= 0.
Достарыңызбен бөлісу: