162
11
тарау
ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТІ АСПАПТАР
11.1.
ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТІ АСПАПТАР
ЕРЕКШЕЛІГІ
Жартылай өткізгіш аспаптардың техникасы электрониканың
тəуелсіз саласына айналды. Электрондық шамдарды жартылай
өткізгіш аспаптармен ауыстыру көптеген радиотехникалық
құрылғыларда сəтті жүргізілген.
Радиотехниканың дамуы барысында
жоғары жиілікті тоқтар
үшін жартылай өткізгішті түзеткіштер болып табылатын кристалл
детекторлар кеңінен қолданылды. Электр желінің тұрақты тоғын
түзету үшiн селенді жартылай өткiзгiштер пайдаланылады. Бірақ
олар жоғары жиіліктер үшін жарамайды.
Заманауи жартылай өткізгіш аспаптард қолдану кіші өлшемді
электрондық аппаратураны жасауға, сенімділікті жəне
қызмет ету
мерзімін арттыруға, тұтынылатын электр энергиясынығ шығынын
айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Тағы бір маңызды жайт
жартылай өткізгіш аспаптар өзінің жұмысы үшін жоғары кернеу
көздерін қажет етпейтіні болып табылады.
Жартылай өткізгіштер - бұл оларды көмегімен соңғы
онжылдықтар
бойы
бірқатар
маңызды
электротехникалық
мəселелерді шешу мүмкін болған жаңа материалдар.
Қазіргі уақытта жартылай өткізгіштердің
көмегімен машиналар
мен
механизмдерді
пайдаланудың,
өндірістік
процестерді
бақылаудың, электр энергиясын алудың, жоғары жиілікті
тербелістерді күшейту жəне радиотолқындарды генерациялау,
электр тоғының көмегімен жылу, салқын жəне т.б. маңызды
мəселелер шешілетін 20-дан астам əртүрлі салалар бар.
Жартылай өткізгіш аспаптардың
елеулі артықшылықтарымен
қатар бірқатар кемшіліктер бар, олардың ішінде
163
параметрлердің
технологиялық
шашырауы,
параметрлердің
температураға тəуелділігі, үлкен қуаттар алу қиындықтары.
Жартылай өткізгіштер деп меншікті кедергісі өткізгіштер
(металдар) мен диэлектриктер (изоляторлар) арасында аралық орын
алатын жəне электрондық өткізгіштігі бар химиялық элементтердің кең
тобын айтады. Олар ішіндегі электр тоғының тасымалдағыштары
жылулық
қозғалыспен, жарықпен, электрондар ағынымен жəне басқа
да энергия көздерімен металдардан ерекшеленеді. Жылулық
қозғалыссыз жартылай өткізгіштер оқшаулағыштар болып табылады.
Жартылай
өткізгіштердегі
өтімділік
электр
зарядтарының
жылжымалы тасығыштарының екі түрімен жүзеге асырылады: теріс
зарядталған бос электрондар жəне оң зарядталған саңылаулар —
ығысу электрондары.
Жартылай өткізгіштердің өтімділігі қоршаған температураға,
жарықтандыру мен радиация дəрежесіне, сондай-ақ оның құрамындағы
қоспаның түріне жəне пайызына байланысты болады.
Температура жоғарылаған сайын
жартылай өткізгіштердің
өтімділігі артады жəне балқу кезінде метал сипаты болады.
Жартылай өткізгіш аспаптарды дайындау кезінде бастапқы
материал Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодикалық
кестесінің төртінші топ элементтері болып табылады. Германий,
кремний, сондай-ақ жартылай өткізгіш қосылыстар кеңінен
қолданылады: галий арсениді, кремний карбиді, кадмий сульфиді жəне
т.б.
Жартылай өткізгіш аспаптар электр вакуумдық жəне газ разрядты
аспаптарға
ұқсас функцияларды орындайды, сондықтан көптеген
жағдайларда олар ауыстырылады.
Жартылай өткізгіш кристалды тордан
тұрады жəне коваленттік байланыстардың
болуымен сипатталады. Кремний мен
германий кристалдарының алмаз типті
текше торы бар. Осындай торда əрбір
атом төрт көршілес атоммен ковалентті
байланыстармен өзара байланысқан (11.1-
сурет).
Әр
атом
сегіз
валентті
электрондармен қоршалған: өзіндік төртеу
жəне əрбір көршілес атомнан бір-бірден.
Бұл жағдайда
ядролардың оң зарядтары
электрондардың теріс зарядымен өтеледі,
сондықтан кристал электрлік бейтарап
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: