Пән: Информатика
топтар: 1ВТ 22-1, 1ИС 22-1, 1 ИС 22-2
оқытушы: Умбетова А.У.
Сабақ №2 «Программалық қамтамасыз ету. Виртуалдық машиналар»
Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск).
Виртуалды машинаға виртуализация үшін қолданылатын негізгі компьютерге сай келетін кез келген жүйені орнатуға болады. Бұл – жаңа программаларды орнату, файлдарды сақтау мүмкіндігі бар виртуалды қатқыл дискісі, барлық программалары бар толыққанды операциялық жүйе.
Ол арқылы мессенджерлерде сөйлесуге, әлеуметтік желілерде отыруға, кино көруге, музыканы тыңдауға, мәтіндік құжаттармен жұмыс істеуге, электронды хаттарды жіберуге болады.
Кез келген компьютер қолданушысына виртуалды машина қажет емес, бірақ озық қолданушылар оны жиі пайдаланады. Виртуалды машина төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қолданылады:
• Екінші/басқа операциялық жүйе орнату;
• Программалық жасақтаманы тестілеу; Күдікті программаларды қауіпсіз іске қосу;
• Компьютерлік желінің эмуляциясы (бәсекелестік);
• Негізгі компьютер операциялық жүйесінен іске қосуға болмайтын қосымшаларды іске қосу.
Виртуалды машинаға Windows-тің өзге нұсқаларын немесе Linux, UNIX сияқты басқа операциялық жүйелерді, сондай-ақ түрлі программалар мен утилиттерді орнатуға және тексеруге болады.
Виртуалды машина өте ыңғайлы, яғни виртуалды ортада әртүрлі бейтаныс программаларды сынауға болады.
Виртуалды машиналар үдерістік және жүйелік болып, екі топқа бөлінеді. Әрі қарай, жүйелеу виртуалды машинаның жүйелеріне байланысты жүзеге асырылады, яғни егер олар өзара сәйкес келсе, онда жүйелеу орындалады.
Үдерістік виртуалды машина жеке үдерісті қолдау мақсатына бағытталып, оны орындауға арналған. Үдерістік виртуалды машина іске қосылған кезде құрылып, жұмысы аяқталғаннан кейін өшіріледі.
Жүйелік виртуалды машина – толық қызметті, тұрақты әрекет ететін жүйелік орта, ол операциялық жүйені ауқымды қолданушылық үдерістер санымен қолдау үшін қызмет етеді.
Жүйелік виртуалды машина «қонақ» операциялық жүйесіне виртуалды аппараттық құралдарға, оның ішінде процессор мен жадыға, енгізу / шығару құрылғыларына, графикалық интерфейске қолжетімдікті қамтамасыз етеді.
VirtualBox виртуалды машинасы. VirtualBox – ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина. VirtualBox – Windows,Linux, FreeBSD, Mac OS жүйелерімен жұмыс істейді.
VirtualBox операциялық жүйелердің 32 және 64 биттік нұсқаларын қолдайды.VirtualBox VMware Workstation ақылы программасында құрылған виртуалды компьютерлермен жұмысты жүзеге асырады.
VirtualBox-ты орнату және онымен үйде де жұмыс жасау өте ыңғайлы және қарапайым. Программа өнімді және тұрақты. Ол кеңфункционалды, меншікті интерфейсі бар
және ақысыз орнатылады.
VMware виртуалды машинасы. VMware – ең танымал және кең таралған виртуалды машина. VMware, әдетте, ірі алаңдар немесе корпорациялар үшін қолданылады.
Виртуалды VMware машинасы екі түрде ұсынылады: Workstation және Player. VMware Workstation – қуатты машина,бірақ ақылы. VMware Player– VMware Workstation-ның ақысыз қысқартылған нұсқасы.
VMware Workstation 32 және 64 биттік жүйелермен, USB 3.0, түрлі операциялық жүйелерді көтере алады. VMware Workstation– ірі компаниялар қолданатын ең жақсы
виртуалды машина, бірақ оның бағасы жоғары болғандықтан, жеке қолданушылар арасында танымалдылығы төмен.
Microsoft Virtual PC виртуалды машинасы. Microsoft Virtual PC – ақысыз виртуалды машина. Ол кеңфункционалды және ыңғайлы интерфейсі бар, бірақ оның бір үлкен кемшілігі – тек Windows операциялық жүйелерімен жұмыс істеуі. Оған Linux немесе Mac OS қосуға болмайды.
Видеоға сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=wTOXT1qjeRk
Достарыңызбен бөлісу: |