ТЕСТ 2 https://youtu.be/SnQkTfSpfOU
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
-
Арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер: -
Виртуалды машина
-
Виртуалды тур
-
Кеңейтілген шындық
-
Виртуалды шындық
-
3D графика
-
Виртуалды машиналарды таңдаңдар (3 жауап дұрыс): -
VirtualBox
-
VMware
-
Microsoft Virtual PC
-
Microsoft Office
-
Mac OS
-
Бос орынды толтырыңдар:
Cмартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефон- дар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер) ... деп аталады.
-
Құрылғылардың атауын суретімен сәйкестендіріп, анық- тама беріңдер:
-
Смартфон − ...
-
Ноутбук − ...
-
Электронды кітап − ...
-
Планшет − ...
-
Бос орынды толтырыңдар:
Сенсорлық экран – деректерді ... және планшетті ... үшін қызмет етеді.
-
Мобильді құрылғылар элементтерін белгілеңдер (4 жауап дұрыс): -
Жады
-
Пернетақта
-
Процессор
-
Принтер
-
Бейнежылдамдатқыш
-
Сканер
-
Байланыстырушы компоненттер
-
Компьютердің негізгі функциялары (4 жауап дұрыс): -
Processing (өңдеу)
-
Simplicity (қарапайымдылық)
-
Control (басқару)
-
Visibility (көрнекілік)
-
Memory (сақтау)
-
Attractiveness (тартымдылық)
-
Transfer (беру)
-
Компьютерлік жүйе сапасының негізгі көрсеткіштерін ажыратыңдар:
Өнімділік, практикалық, энергетикалық, ғарыштық, жүйелердің сенімділігі мен тиімділігі, желілік, экономи- калық
-
Мобильді құрылғылар сызбасына кіретін құрауыштарды белгілеңдер (4 жауап дұрыс): -
Дисплей
-
Сенсорлық экран
-
Жүйелік тақша
-
Аккумулятор
-
Құлаққап
-
Дауыс зорайтқыш
-
Адаптер
-
Модем
-
Бос орындарды толтырыңдар:
Мобильді құрылғылар сызбаның соңғы компоненті ... (1) бо- лып табылады. Олар ... (2) түрге бөлінеді: ... (3) және ... (4).
3-БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
Аппараттық жасақтама бөлімі бойынша сендер «виртуал- ды машина», «мобильді құрылғы», «программалық жасақта- ма», «аппараттық жасақтама» ұғымдарымен танысып, әрбір ұғымның негізгі мақсаттарын түсіндіңдер. Виртуалды маши- надағы операциялық жүйе, виртуалды машинаның мақсаты мен міндеттері, виртуалды компьютерлерді құру және басқа- руға арналған программа түрлері қарастырылды. Мобильді құрылғылардың түрлері, негізгі компоненттері, оның ішінде, аккумуляторлық батарея, қоректендіру контроллері, жүйелік тақша, орталық процессор, жедел жады, пернетақталық мо- дуль, құрылғының LCD дисплейі, сенсорлық экран, қабылда- ғыш-таратқыш, антеннаның сипаттамалары келтірілді. Аппа- раттық және программалық жасақтаманың даму заңдылықта- ры, атап айтқанда, компьютерлік жүйелерді ұйымдастырудың негізгі принциптері, заттық-энергетикалық және ақпараттық тұтастық, функционалдық және құрылымдық тұтастықты арт- тыру, негізгі функцияны архивтеу, сапа көрсеткіштерінің өза- ра байланысы, аппараттық және программалық шешімдер мен технологиялардың сабақтастығы қарастырылды. Бұл бөлімнің маңыздылығы сендерге виртуалды машинаның мақсатын, мо- бильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамала- рын келтіріп, сендердің аппараттық және программалық жа- сақтаманың даму заңдылықтары туралы жалпы білімдеріңді қалыптастыру болып табылады.
Глоссарий
Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.
Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табы- латын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, теле- фондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).
Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасы- малдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.
Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интер- нетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.
Достарыңызбен бөлісу: |