1
-
Қ
А
Т
Е
Л
І
К
Кез келген адамның санасында критикадан кейін «қорғану»
функциясы қосылады. Ал біз өзімізді кімнен қорғаймыз? Әрине,
ең бірінші жаудан қорғаймыз. Ал
жауды біз жақсы көреміз
бе? Жаумен дос бола аламыз ба? Жауға құпиямызды айтамыз ба?
Жоқ! Сіз күйеуіңізге «дұрыстап қарамадың ба, апара салсаң
болмай ма, күні бойы қабағың ашылмады ғой, қашан ертерек
тұрасың, еркек емессің ба?» деп критика айтып, кемсіткен сайын,
күйеуіңіз сізді «жарым,сүйіктім»
деп емес,
тек қана жау
ретінде көретін болады. «Неге менімен әңгімелеспейді, неге
жақындамайды» деп ренжудің қажеті жоқ. Сіз осы жағдайға өзіңіз
жеткіздіңіз. Күйеуіңіз әдейі сізді жау қылғысы келмеді, оның
түпкісанасы өзін қорғау үшін сізді жау қылды.
Ендігі еріңіздің
бір істі дұрыс жасамағанын көрсеңіз, сіздің өтінішіңізді
орындамаса, көңіліңізден шықпаса, аузыңызға «кемсіту,критика»
сөздері келсе, өз өзіңізді саналы түрде басқарыңыз.
Бәріміз критикамен, тістеп сөйлеуге
болмайтынын білеміз, бірақ неге болмайды, не
өзгереді критика мен кемсіту болса?
Ол үшін әрдайым мына сөздерді іштей қайталап жүріңіз:
«Мен күйеуімді кемсіткен сайын, өзімді оған жау қыламын»,
«Егер мен күйеуіме критика айтсам, оның миы «қорғану»
функциясын қосып, мені жау ретінде қабылдайтын болады,
сол үшін күйеуім менен алыстайды».