Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
проверка д/з) 
Работа по карточкам 
Работают по 
карточкам 
взаимооценив
ание 
Карточ 
ки 
Ориентация 
(сообщение темы 
и целей урока) 
Собери слово УХАМ- муха 
Разгадайте загадку 
Кто над нами 
Вверх ногами? 
сообщение темы и целей урока
 
Собирают 
слово 
доска 
Новая тема 
- Что вы знаете о комнатных мухах? 
- Вред или пользу приносят 
комнатный мухи? 
Записывают 
определения 
Презент
ация, 
учебник 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
37 
Записи в тетради. 
Рассказ учителя. 
Внешний вид 
Питание комнатной мухи. 
Размножение и развитие комнатной 
мухи. 
Комнатная муха – переносчик 
возбудителей кишечных заболеваний. 
Мерыборьбы с мухами 
Презентация.
 
Практика на 
примере 
(закрепление 
материала) 
Запись в тетрадях 
Записывают в 
тетрадях 
 
тетради 
Физминутка: 
1. «Дождик» 
Капля первая упала «кап - кап»
- пальцем стучать 
И вторая побежала «кап - кап»
- по ладошке 
Мы на небо посмотрели
- смотреть вверх 
Капельки «кап - кап» запели
- постучать по голове 
Намочились лица,
- вытирать лицо 
Мы их вытираем. 
Туфли - посмотрите
- посмотреть на туфли 
Мокрыми стали
- показать руками 
Плечами дружно поведем
- трясти плечами 
И все капельки стряхнем 
От дождя убежим
- бег на месте 
Под кусточком посидим
- присесть
 
 
 
 
Управляемая 
практика 
Работа по карточкам 
1. Какие части тела можно различить у 
Работают по 
карточкам 
взаимооценив
ание 
Карточ 
ки 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
38 
(вторичное 
закрепление) 
комнатной мухи?
2. Написать на указателях названия 
стадий развития комнатной мухи.
Итог урока. 
рефлексия 
Почему нужно бороться с мухами? 
Какое строение у комнатной мухи 
Размножение 
Домашнее задание с. 42-43
Поды 
тоживают 
знания по теме 
 
 
Критерий 
оценивания: 
Описывает внешне строение мух; 
называет стадии развития мух
знает, почему нужно бороться с 
мухами 
 
 
 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
39 
Муқанова Аружан
Абай облысы 
Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы
«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
Бастауыш мектепте математика пәнін оқытуда комбинаторлық есептерді 
қолданудың ерекшеліктері 
 
Математикадағы комбинаторика көптеген логикалық есептерді оңай жолдармен 
шығаруға, есептерді шешуде және олардың шығару жолдарын адам есіне лезде сақтап қалу 
үшін көмектеседі. Логикалық есептер адамның ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді және 
арттырады. Комбинаторлық есептерде теңдеуді шешуге, өрнекті ықшамдауға, теңдікті 
дәлелдеуге болады. Математиканың бұл саласы соңғы жылдары жедел қарқынмен дамып
келеді. Кейінгі жылдары комбинаториканың практикада кең қолданыс табуына
электрондық есептегіш техниканың дамуы, шектеулі математика ролінің артуы, 
ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың практикалық маңызының
күннен-күнге артуы негізгі себеп болып отыр. Есептердің шығарылуының қысқа әрі тиімді 
жолын іздеу бүгінгі күндегі өзекті мәселе.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: бастауыш мектепте комбинаторлық есептерді шешуде 
қолданылатын әдістерді анықтау. 
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Бастауыш мектептегі математика сабағында комбинаторлық есептердің орны мен 
рөлін анықтау; 
- Бастауыш мектепте комбинаторлық есептерді шешуде қолданылатын әдіс-тәсілдерін 
көрсету. 
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне 
ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің 
ұлттық үлгісін қалыптастыру. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында бастауыш 
сынып математикасына жаңадан «Жиын. Логика элементтері» бөлімі қосылды. Бұл бөлімге 
«Заттардың комбинациялары» бөлімшесі енгізілген. 
Комбинаторика – қандай да бір және алуан түрлі комбинациялар туралы сөз болатын 
есептерді қарастырумен айналысатын математиканың бөлімі. Осындай есептер әдетте 
ақырлы жиындармен, олардың ішкі жиындармен, бейнелеулермен, жиын элементтерінен 
құрылған кортеждермен байланысты болады. Сондықтан комбинаториканы жиындарды 
реттеу және бөліктеу сияқты амалдарды ақырлы жиындарға қолдануды зерттейтін
элементтердің жиында орналасу ретін және жиын элементтерін қандай да бір тәртіп бойынша 
орналастыру тәсілдерінің санын анықтау сияқты мәселелермен айналысатын жиындар 
теориясының бөлігі деп қарастыруға болады. 
Комбинаторикалық есептердің ерекше өзгешеліктері оның шешілуінің бірнеше 
нұсқасының болуында. Комбинаторикалық есептерді шешу барысында оқушылар қойылған 
сұрақтарға түрлі әдістер құру арқылы жауап береді. 
1-4 
сыныптар аралығында комбинаторика элементтерінің мынадай түрлері 
қарастырылады: комбинаторлық байланыстар, комбинаторлық байланыстың негізгі түрлері 
(орналастыру, алмастыру, теру), теру әдістері (ретсіз, жүйелі), комбинаторлық есептерді 
шешудің графиктік тәсілдері (кесте, граф, граф-терек) 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
40 

сыныптың 
комбинаторлық 
есептерге 
қатысты 
бірнеше 
тапсырмалары 
орналастырулармен байланысты. Бұл – оқушылардың танысатын ең алғашқы және ең жеңіл 
түріндегі комбинаторлық есептері. 
Алғашында оқушылар түрлі-түсті түстермен бояйтын немесе затты әртүрлі тәсілмен 
орналастыруға байланысты тапсырмалар орындайды. Осыған сәйкес тапсырмалар «Әртүрлі 
тәсілмен боя», «Әртүрлі тәсілмен орналастыр» және т.б. немесе түрлі-түсті боялған 
заттардың үлгісі беріледі де, қалған боялмаған тапсырмалар өз бетінше орындауға 
тапсырылады.
Мысалы: Үйшіктердің шатырлары мен қабырғаларын қызыл, көк, жасыл түстерді 
пайдаланып, әртүрлі тәсілдермен боя. 
1 сыныпта тапсырмалар қалай толықтырылғанына ұқсас 2 сыныпта да тапсырмаларды 
өзгертуге болады [3, 80 б.]. 
2 сыныпқа мынадай комбинаторлық есептер ұсынуға болады: 
1. Сенің қолында түсі әртүрлі 4 текше бар делік.
Оларды боя. Барлық суреттегі бірінші текшені түсі бірдей, бірақ қалғандарын әртүрлі 
етіп қалай қоюға болады? 






3-сынып оқушыларына ықтималдық туралы олардың интуитивтік түсініктері 
тексерілетін және орындау нәтижесінде оқиғаның ықтималдығы ойында оңтайлы стратегия 
таңдаудың математикалық құралы болып табылатын тапсырмаларды ұсынуға болады. 
Қорыта айтқанда: 
комбинаторика 
қосынды 
және 
көбейтінді 
ережелері 
арқылы 
жүзеге 
асырылатындықтан, математика курсының көптеген есептерін шығару әдістерін негіздеп 
беруге мүмкіндік туғызады; 
цифрлар жиынтығы бар болғандықтан, екі таңбалы (үш таңбалы, төрт таңбалы) 
сандарды жазумен байланысты қарапайым комбинаторлық есептерді қарастыруға мүмкіндік 
береді, яғни цифрлар жиынтығы көмегімен сандарды жазғанда олардың комбинациялары 
модельдерінің әртүрлі нұсқалары жасалады, сонда цифрлардың қайталануы да, қайталанбауы 
да мүмкін; 
комбинаторлық материалдардың тәрбиелік мәні де зор, оны оқуда баланың 
интеллектуалдық қабілеті дамиды, математика курсының қолданбалы аспектісі артады, осы 
пәнге қызығушылықтарын дамыта түседі; 
әртүрлі нұсқаларды іздестіруді іске асыру барысында тұлғаның шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. 
Қолданылатын әдебиет: 
1.
М.Ж. Мынжасарова. Бастауыш және негізге орта білім беру деңгейлерінде 
стохастика элементтерін оқытып-үйретудегі сабақтастық.: Автореф. –Астана: 2010.-30б. 
Математика. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш 
мектеп (1-4 сыныптар), 2018 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет