Мамыр
30 жұлдыз
Педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор,
Педагогикалық ғылымдар академиясының президентi
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың
туғанына
65 жыл
30.05.1951
.
Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы
1951 жылы 30 мамырда Семей
облысы
қазiргi Шығыс Қазақстан облысы
Абыралы ауданы Қайнар
селосында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ политехникалық институтын
қазiргi Қ.И.Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық университетi
бiтiрiп,
1973-1974 жж. осы институтта аға лаборант, кiшi ғылыми қызметкер болып
iстедi.
1973-1975 жж. Алматы энергетикалық институтының аспирантурасында
оқыды. 1976-1979 жж. Германия демократиялық республикасының Ильменау
қаласындағы Жоғары техникалық мектептiң аспирантурасын бiтiргеннен
кейiн, 1979-1991 жж. Алматы энергетикалық институтында аға оқытушы,
доцент, кафедра меңгерушiсi болды.
А.Қ.Құсайынов 1991-1997 жж. Қазақстан Республикасының Бiлiм
министрлiгiнде Келешек даму және бiлiм берудiң жаңа технологиялары,
Бiлiм берудi дамыту стратегиясы басқармаларының бастығы, Жоғары оқу
орындары, колледждер мен облыстық бiлiм басқармаларын инспектiлеу
департаментiнiң директоры, Жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы
бастығының орынбасары қызметiн атқарды.
1997-1998 жж. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакторының бiрiншi
орынбасары, 1998-2001 «Рауан» баспасының директоры болды. 2001-2003
жж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Бiлiм академиясының президентi
болды. 2004 жылдан бастап Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар
Академиясының президентi.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру үздiгi, Қазақстан Республикасы
журналистер одағының мүшесi, 1979 ж. Германия Федеративтiк
республикасының доктор-инженерi атағын алды, 1998 жылдан бастап
Жаратылыстану Академиясының мүшесi.
А.Қ.Құсайынов 20 монографияның, 11 оқулық пен оқу құралдарының, 5
кітаптың,
6
Мемлекеттік
стандарттың,
11
түсіндірмелі
және
терминологиялық сөздіктің, 150-ге жуық ғылыми мақаланың және
жарияланым
көрген
140
мақаланың
авторы.
А.Қ.Құсайынов «Ерен еңбегі үшiн», «Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Білім беру
министрлігінің «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен,
«Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Қазақстан
ғалымдары арасында алғаш болып педагогика ғылымы аясында Ресей
Үкіметінің Константин Ушинский атындағы медалімен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |